Білімі де, білігі де алуан.
Күллі дерт пен кеселіңді жазады.
Тірлік ісі оңалмайды — соларсыз...
373
Тірі жанды кесел мен дерт буады,
Оташылар емдеп шипа қылады.
Кесел — кісі өлімінің дос-жары,
Өлім — кісі тірлігінің қас-жауы!
4360 Бұларды да жақсы көріп, жақын жүр,
Керек жандар, құқын сақтап, хақын біл!
53. ҚҰШНАШТАРМЕН (БАҚСЫ, БАЛГЕР) ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ
ТУРАЛЫ АЙТЫЛАДЫ
Бұлардан соң афсыншылар* меселді,
Емдер келген жын-періден кеселді.
Олармен де қатысқан жөн жақсылап,
Пері-жынның кеселіне қарсылап.
Тисін десең, егер саған көмегі,
Ай, мəрт батыр, жақсы қарап, демегін.
Бақсы сөзін оташы елең қылмайды,
Оташыға бақсы жүзін бұрмайды.
4365 Ол айтады: Дерт дəрімен айығар,
Бұл айтады: жазба* жыннан айырар.
Достарыңызбен бөлісу: