«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Айтолдының Хажыбқа жауабы



Pdf көрінісі
бет29/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Айтолдының Хажыбқа жауабы

 

Айтты Айтолды, ұғып сөздің сыңайын, 



 

Өзімді ұстап, мен де сабыр қылайын.

 

Көрді мені, Хажыб тыңдап сөзімді, 



 

Белгілесін көрісетін кезімді.

560    Хажыб мені қай уақытта тілесе

 

Келем сол сəт, шақыруға ілесе...



 

Тұрды Айтолды, шықты қайта киіне, 

 

Тонын шешті қайтып келіп үйіне.



 

Көрді Хажыб Айтолдыны көзбе-көз: 

 

Ерек кісі басқалардан өзгеше.



 

Мұндай жанды көргенім жоқ, — деді ол, — 

 

Халық басы, білімді, есті, сөзі оң.



 

(Көрген емен бұл сипатты кісіні, 

 

Білімді, ойлы, өзгеше өзі түсінің.



 

Мұндай кісі қыз мінезді, нəті қыз, 

 

Қыз қылығын қылар, қыздың аты — қыз.



 

Мұндай жан — қыз, мінезі — жан шырыны, 

 

Қыз аты — қыз, қызықтырар қылығы.)



 

Мұндай кісі кездеседі өте аз, 

 

Аз аздығын қылар, аздың аты аз!*



565  Қай нəрсе аз, сол нəрсе асыл, о ғажап! 

 

Асылды іздеп тауып болмас, бір азап!



 

Мұндай кісі Елікке өте керек-ті, 

 

Елікке керек еліңе де керек, біл!




 106

 

Мұндай кісі күллі істі істей алады, 



 

Өнерімен ер тілегін табады!»

***

 

Сəті келіп айтты Елікке барлығын, 



 

Айтолдының ашып құлқын, тағдырын.

 

Айтты құлқын, хас асылға балады, 



 

Ақыл, білім, қасиетін санады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет