Еліктің Айтолдыға сауалы
785 Елбасы айтты: — Өз сөзіңді түсіндір,
Неге имендің, сұры қашып түсіңнің?!
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Таң қалғаным бəрінен,
Күміс күрзі — орның, соның мəні не!?
Бұл не отырыс? Күрзің не? Енді сұрайын,
Айтып берші, мағынасын ұғайын.
Екіншіден, пышағы не Еліктің,
Түгел білсем, түгі қалмас сезіктің.
Үшіншіден, оң жақтағы шекер не?
Солыңдағы — у, бəрі осының бекер ме?
790 Байқап көрдім, өзің қабақ ашпадың,
Содан менің есім шығып, сасқаным.
Бұл түріңді көріп өзім имендім,
Тіл аша алмай, тілдесе алмас күйге ендім.
122
Достарыңызбен бөлісу: |