Еліктің Айтолдыға жауабы
Елік айтты: — Ұқтым енді сөзіңді,
Қуант мені; ықтият боп өзің де.
Мен айтайын, жаманатты білгейсің,
Жақындамай, одан аулақ жүргейсің.
Жақтырмаймын: жалғандықты жалғанда,
Бұдан кейін, қара күшке салғанды...
Ісі — сұйық, өсек-өтірік тергені,
Құлқы ұшқалақ, көзі ұятсыз пендені.
850 Дөрекілік, қызбалық та — ағаттық —
Құлы болса қу құлқын мен шараптың.
Ондай жандар шығыса алмас менімен,
Айттым ашық: тең ғой əркім теңімен.
Маған ұнап, жағам десең, белгілі,
Мұндайлардан тый өзіңді, ей, күлік!*
Күнде жақын жүрсең — көңіл тартады,
Менің де ізет, ықыласым артады.
126
Достарыңызбен бөлісу: |