«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет58/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Айтолдының Елікке жауабы

 

Жерді өпті де, Айтолды түрегелді:



 — 

Əділ төре өзіңсің, демер елді!

940  Жаһан ері — жасың ұзақ болғай-ды,

 

Ізгілікпен — басың есен болғай-ды.



 

Бұзылмасын бектің құзыр, бектігі,

 

Рахат кешсін, күйіндіріп кектіні!



 

Қалың елді ұлылықпен билегін,

 

Сол билікпен — ұлы бектік, күйлі елің!



 

Қонған бақыт құрымасын, тозбасын,

 

Дəулет күнде қақпаңды ашып, орнасын.



 

Бар қуаныш келіп жатсын сабылып,

 

Көре алмай жау өлсін өті жарылып!



945  Қызметшіні ал, қадірлейтін құқыңды,

 

Қыңыр болып, қашырмасын құтыңды.



 

(Лайық болса ол бектігіңе, тегіңе —

 

Құтты болып, биіктетер сені де!)



 

 

Қызметтің көрген қызық-думанын,



 

Қызметші ердің не дегенін тыңдағын:

 

«Қызмет ет, етсең лайық асылға,



 

Асыл бектер  біледі құл хақын да!

 

Қызмет жаса жаны жомарт, жайсаңға,



 

Үйі толы алтын-күміс қайсарға.




 133

 

Қызмет қылма қалтыраған сараңға,



 

Басың қатып, қор боларсың аранда.

950  Өзі-өзінен нəрсе аяйтын сараңдар,

 

Несін қисын, жұртқа қалай алаңдар?!»



  *   *   *

 

Сөзін кесті, Айтолды айдай жантайып,



 

Кетті үйіне, көңілі өсіп, марқайып.

 

Содан адал қызметін жалғады,



 

Түн күзетіп, күндіз тыным алмады.

 

Қызмет етті бір шындыққа табына,



 

Елік күн-түн жақын тұтты жанына.

 

Жылдар  өтті, түн артынан күн келді,



 

Айтолды өңі еңбегімен түрленді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет