Еліктің Айтолдыға сауалы
995 Бəрін ұқтым, — деді Елік жайғасып, —
Біліп алдым сөздің мəн мен пайдасын.
Қайдан шығып, бұл сөз қайда барады,
Мұны да айтып бергін, зерек қарағым!
Қашан тиып, қашан тілді шешеді,
Бұл жөнінде естілер не деседі?
Айтолдының Елікке жауабы
Сөз — сыр, сиқыр, — деді Айтолды, — жүгін, ер! —
Ойға — оны, тілге бірі ілінер.
Бірін айт та, тый тоғызын, қашпайды:
Қажетсіз сөз қажеттісін ластайды.
Еліктің Айтолдыға сауалы
1000 Сөздің пайда, зияны не, нақтылап
Айт та, Айтолды, түсіндіргін жақсылап?
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Жүйелі сөз — ұлылық,
Өсірер ол құлдың-дағы құзырын.
137
Сөз қуаты шығарар ел төріне,
Қара жерден самғатар ен көгіне.
Сөзің ессіз шықса, басты тіге бер,
Биік көктен — жер түбіне жіберер!
Достарыңызбен бөлісу: |