Еліктің Айтолдыға сауалы
Айтты тағы: — Білдір, сөздің өлшемін!
Азы қандай! Көбі қандай? Мөлшерін?..
Айтолдының Елікке жауабы
1005 Айтолды айтты: — Көп сөз, білгін, тегінде,
Айтпасты айтып зеріктірсе көңілді.
Біл, аз сөз сол, сұрағанда — байыптап,
Сөзге сөзбен жауап берсе лайықтап.
(Сары алтындай салиқалы сөз деген,
Бұлтақтамай тиер жерге көздеген.
Дəлдігімен бермес есе мірге де,
Ақылды сөз — алысқа атар сұр жебе!)
Бұл жөнінде ақын былай жырлапты,
Ажарды ашар жырдың сөзі қымбатты:
«Жақсы сөйлеп, сақта өзіңді, бағамда,
Сұраса — айт та, сөзді қысқа тамамда.
Көп сөйлеме, көбірек сөз тыңдағын,
Ақылмен айт, білікпен сөз түз-дағы.
(«Айтар сөзді сайлап алғын ақылмен,
Жауабың дөп, қатар түссін нақылмен.
Көп тыңдай біл, аз сөйлеп, тез түсіндір,
Ниет қойып, ой мен сезім күшін біл!»)
Достарыңызбен бөлісу: |