Онда жақсы, жаман да көп, аралас.
Тілмен бəрі бір хаққа иман қылады.
Тілді хақты мақтап, тілсіз — қамықты.
Бірі — көңіл, бірі — тілдің желегі.
Сөзі дімкəс, өзі күйкі, надан жан.
Күйкі сөзден күйік, қарғыс аларсың.
Қыңыр сөзді жасыр, текке лақпағын.
139
Үндемесең — сөз білмейтін сақау дер,
Көп сөйлесең — көкемиға тақау дер.
Кісілердің сүйкімсізі — езбелер,
Қадірлісі сөз қадірін сезген ер.
(Қадірлісі — тіліне ұят сіңгендер,
Жүрек сөзін жүрегімен білгендер!)
* * *
Естіп Елік, гүл жайнады қабағы,
Қолын жайып, көзін көкке қадады.
1030 Шүкірлік қып, мақтап, хаққа табынды:
«Ай, жаратқан, мейірбанды, сабырлы!
Берген едің бəрін ізгі — Нұрыңның,
Қайырымым жоқ, күнəһар бір құлыңмын.
Тілегімді бердің түгел, рахым қып —
Бердің рахат билік, дəулет, батылдық!
Мұның бəрін қалай өтей аламын?
Өзіңді-өзің жебе, айтсам адалын!»
* * *
Шүкірлік қып, қазынасын ашты кең,
Тəбəрік ап, қарқ болды аш кілең.
1035 Айтолдыны сыйлады Елік, еледі,
Жомарт қолмен, майда тілмен демеді.
Уəзірлік, таңба берді, байрақты,
Қару, жиһаз, сауыт беріп жайлантты.
Барша елге үстем етті, берді ерік —
Бойын тартып, кетті дұшпан сенделіп.
* * *
Енді Айтолды барлық іске қарады,
Бұл дəуренін қуанышқа балады.
Халық байып, ырысы артты елінің,
Дұға қылып, мақтады елі Елігін.
1040 Құт дарыды, өсті халық өрісі,
Бірге жусап өрді қозы, бөрісі.
140
Заң түзілді, жетілді елі, əулеті,
Күннен-күнге тасыды Елік дəулеті.
Осылайша құтты заман жалғанып,
Түзелді елі, кемелденді бар халық.
Жаңа ұлыс, жаңа қала тізілді,
Алтын-күміс қазынаға түзілді.
Қуанды Елік көңілі өсіп, күш толып,
Кезді əлемді сөзі, атағы құс болып!
Достарыңызбен бөлісу: