Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет213/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

 

 

Баян Қырықбаевна Шаушекова 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды 

Мемлекеттік университеті, п.ғ.к 

Алтынгүл Кенесовна Шадетова  

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы 

Қарағанды обл. бойынша ПҚ БАИ 

 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-ОҚУШЫНЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ 

 

  

«Қазақстан-2050»  ұзақ  мерзімді  Стратегиясында  білім  беру  саласы 



маңызды  басым  бағыттарының  бірі  болып  танылды.  Елбасы  Қазақстан 

Республикасын  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  қосуды 

міндеттеді.  Бұл  міндетті  жүзеге  асыруда  білім  беру  жүйесін  жетілдіру 



628 

 

айтарлықтай  рөл  атқарады,  ал  білім  беруді  жетілдіруде  біліктілікті  арттыру 



жүйесі маңызды міндеттерді орындауда. 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары «Жалпы білім беретін мектептерінде 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 

оның физикалық құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін 

білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру» - деп көрсетілген [1]. 

Ал,  бұл  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған 

Ұлттық  іс-қимыл  жоспар  қабылданды,  бұл  білім  сапасын  жетілдірудің  негізгі 

бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 

іс-қимылдарының  мақсаттылығын,  біртұтастығы  мен  жүйелілігін  қамтамасыз 

етуге  және  TIMSS  халықаралық  зерттеуінде  10-15  орындарға  қол  жеткізуге 

арналған [2]. 

Сонымен  қатар  бұл  құжаттарда  қазақстандық  жалпы  білім  беретін 

мектептердің  PISA,  TIMSS  және  PIRLS  халықаралық  салыстырмалы 

зерттеулердің  нәтижелерін  жақсарту қажеттілігі көрсетілген. 

2015  жылы  республиканың  жалпы  білім  беретін  мектептерінің  4  сынып 

оқушыларының  математика  және  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығын 

бағалайтын  TIMSS  халықаралық  зерттеуі  және  алғаш  рет  2016  жылы  мәтінді 

оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған  PIRLS  оқу сауттылығы өткізіледі. 

Халықаралық  салыстырмалы  зерттеулердің  нәтижелерін  жақсарту  қажеттілігі 

экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымдары  мен  білім  беру 

жетістіктерін  бағалаудың  Халықаралық  ассоциациясымен  ұйымдастырылған 

Қазақстан  оқушыларының  TIMSS–2007,  TIMSS–2011,  PISA-2009,  PISA-2012 

нәтижелеріне  сәйкес  туындап  отыр.  Осы  зерттеулерге  қатысу  нәтижесі 

функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетті. 

Қазақстандық  бастауыш  сынып  оқушылары  қатысқан  2011  жылығы  TIMSS 

(жаратылыстану  және  математика    бағыты)  халықаралық  зерттеулерінің 

нәтижелері 2007 жылығы  көрсеткен  көрсеткіштен айтарлықтай  төмендеген. 

TIMSS–2007, 

TIMSS–2011 

халықаралық  салыстырмалы  зерттеулердегі 

математикалық  білім  сапасының  мониторинг  қорытындысы  бойынша  тест 

тапсырмаларын  орындау  501  балды  құрады,  бұл  әлемдік  деңгей  бойынша 

ортадан  жоғары,  бірақ  бұл  өткен  циклдың  нәтижесінен  төмен  көрсеткіш: 

жоғарғы  деңгейдегі  тапсырмалар  29%,  орта  деңгейді-62%,  төменгі  деңгейді  - 

88%-ы  орындай  алған,  ал  жаратылыстану-ғылымдарының  сауаттылығын 

анықтауға арналған деңгейлік тапсырмаларды орындаған оқушылардың нәтиже 

көрсеткіштері:  ілгері  деңгей-2007  жылы  10%,  2011  жылы  7%-3  %-ға,  жоғары 

деңгей  - 2007 жылы 44%, 2011 жылы 28 %-16 %-ға, орта деңгей  - 2007 жылы 

79%, 2011 жылы 58 %-21 %-ға, төменгі деңгей-2007 жылы 95%, 2011 жылы 84 

% - 11 %-ға төмендеген [7]. 

Бұл ілгері және жоғары деңгейлердегі нәтижелердің төмендеуі бастауыш 

сынып  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда  оқу 



629 

 

пәндеріндегі білім мазмұнына өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас 



пен әлеуметтік қатынастардың  кіріктірілуі мен сабақтастығының жоқтығынан, 

ал  оны  іске  асыруда  мұғалімдердің    кәсіби  құзыреттіліктерінің  аздығына  да 

байланысты. 

 

Қазіргі  уақытта  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің  Қазақстан 



мектептерінде  оқытылуы  заманауи  талаптардан  кенже  қалғанын  және  осыған 

орай  бүкіл  білім  жүйесінде  кешенді  шаралар  қабылдау  қажеттігін  көрсетіп 

отыр.  Кейбір  фактілермен  қатар  оқушылардың  жаратылыстану  ғылымы 

бойынша  білім  деңгейлерінің  жеткіліксіздігі  пән  мазмұнының  тым 

теорияландырылып  берілуімен,  оқытудың  тәжірибелік  өмірлік  сұраныстары-

мен және одан әрі кәсіби әрекеттерімен байланыстың әлсіздігімен негізделеді.  

Оқыту 

үдерісінде 



оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

(жаратылыстану,  математика,  оқу  және  жазу,  тағы  басқа)  қалыптастыруда,  ең 

бастысы,  оқушыларды  ғылыми  біліммен  қаруландыру  міндеті  аса  маңызды. 

Осы  орайда  оқытудың  ғылымилығы  ұстанымы  жетекші  рөл  атқарады.  Бұл 

ұстаным  бойынша  оқушыларға  берілетін  білім  мазмұнының  қазіргі  даму 

деңгейіне  сәйкестігі,  оларға  заттар  мен  құбылыстардың  заңдылықтарын 

ұғындыру  және  олардың  арасындағы  себеп-салдарлық  байланысты  ашу 

ескеріледі.  Бастауыш  мектепте  кез-келген  пәнді  оқытуда  оқушылардың 

қарапайым  ғылыми  зерттеу  дағдыларын  қалыптастыру,  заттар  мен 

құбылыстардың  негізгі  және  жанама  белгілерін  ажырату,  қоршаған  әлемде 

және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, 

жүйелеу,  жалпылау  білік,  дағдыларын  меңгерту  мақсаттары  көзделгенде  ғана 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. 

 

Оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыруды көздесек, оның жүйелілігі 



мен  сабақтастығы,  бірізділігі  де  ескерілуі  міндетті.  Бұл  орайда,  дидактика 

оқытудың  жүйелілігі  мен  бірізділігі  ұстанымын  жүзеге  асырылады.  Аталған 

ұстаным оқытудың ғылымилығы ұстанымымен тығыз байланыста жүреді. 

 

Оқытудың  жүйелілігі  мен  сабақтастығын,  бірізділігін  қамтамасыз  ету 



үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда 

ұғымдық-ақпараттық  материалдардың  белгілі  бір  жүйемен  берілуін, 

сабақтастығын,  біртіндеп  тереңдетілуін  және  кеңейтілуін,  сондай-ақ 

оқушылардың  білімді  меңгеру  әрекеті  белгілі  бір  сатымен  (мысалы: 

ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау - түсіну, ұғым құру, есте сақтау, 

қорытынды  шығару  немесе  тұжырым  жасау,  тағы  басқа)  іске  асырылуын 

ескеріп отыру керек. 

 

Оқушылардың 



функционалдық 

сауаттылығын 

(жаратылыстану, 

математика және оқу, тағы басқа) қалыптастыруда басты рөл атқаратын, басты 

орында  тұратын  ұстаным-теория  мен  практиканың  байланыста  болуы 

ұстанымы.  Оның  мәні-оқушыларға  теориялық  білім  беріп  қана  қоймай,  сол 

білім, білік, дағдыларын күнделікті жаңарып, өзгеріп жатқан өмірде, кез келген 

жағдаятта емін-еркін қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол үшін күнделікті оқыту 

үдерісінде  әрбір  пәннен  берілетін  теориялық  білімді  өмірдегі  жағдайлармен 

байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.  




630 

 

 



Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету 

үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда 

теориялық  қағидалардың,  заңдылықтар  мен  ережелердің,  яғни  ұғымдық-

ақпараттық  материалдардың  бала  өмірінде  кездесетін  түрлі  проблемалық 

мәселелерді  шешуге  көмегі  тиетіндей,  бала  оны  қолдана  алатындай 

практикалық  маңызы  ескерілуі  тиіс.  Сондай-ақ оқушылардың оқу  материалын 

тек  жаттап  қана  алмай,  оның  мән-мағынасын  терең  түсінуін  қамтамасыз  ету 

міндетті болып саналады. 

 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  жаратылыстану  ғылымындағы 



сауаттылығын  қалыптастыруда  ерекше  орын  алатын  ұстанымдардың  бірі- 

кiрiктiру  ұстанымы.  Бұл  ұстанымның  мәні-ғылыми  жаратылыстанулық  бiлiм 

мен  адам  әрекетiнiң  түрлерi  және  қоғам  туралы  ұғымдар  кiрiктiрiлiп 

бiртұтастықта берiлуi. Яғни, адам, табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның iс-

әрекетi үнемi табиғи ортада, қоғамда (отбасында, мектепте, қоғамда, табиғатта, 

тағы  басқа)  бiр-бiрiмен  байланыста  қарастырылады.  Заттар,  нысандар, 

құбылыстар  туралы  мағлұматтар  беру  кезiнде  де  адам  әрекетi  солармен 

бiрлiкте, байланыста беріледі.  

 

Жаратылыстану  саласы  бойынша  бiлiм,  білік,  дағды  қалыптастыру 



бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні арқылы жүзеге асырылады. «Дүниетану» 

пәнінде  кiрiктiру  ұстанымы  «адам-табиғат-қоғам»  ретiнде  ғана  емес,  «адам- 

заттар»,  «адам-қоғам»,  «адам-табиғат  әлемі»,  «адам-адамдар»,  «адам-отбасы», 

«адам-оның  шығармашылық  әрекеттерi»,  «адам-туған  елінің  тарихы»,  тағы 

басқа  арқылы  да  жүзеге  асады.  «Дүниетану»  пәнін  оқыту  үдерісі  кiрiктiру 

ұстанымына  негізделсе,  бастауыш  сынып  оқушысы  «адам-табиғат-қоғам» 

жүйесіндегі  өзара  байланысты  ұғынады,  экологиялық  мәдениеттің  қарапайым 

білік,  дағдыларын  игереді,  өзінің  табиғаттағы  әлеуметтік  өмірдегі,  қоғамдық 

ортадағы  орнын  түсініп,  жеке  тұлға  ретінде  өзін-өзі,  өзінің  мүмкіндіктері  мен 

қабілеттерін  сезінетін  болады.  Психологиялық  зерттеулерде  анықталғандай, 

балаларға  берілетін  білімнің  көлемі  мен  мазмұны  олардың  өмірден  жинаған 

тәжірибесіне,  таным  деңгейіне  және  психикалық  тұрғыдан  дамуына 

лайықталуы тиіс. Сондай-ақ олардың сұраныстары мен қабілеттері де ескерілуі 

керек. Өйткені бала ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін әрі түсініктісін ғана 

қабылдай алады [4]. 

Функционалдық  сауаттылық  бастауыш  сыныптың  әр  пәнінің  негізінде 

қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның 

қалыптасуына 

мүмкіндік 

беретін 


мұғалімшығармашылық 

сипаттағы 

тапсырмаларды (зерттеу жұмыстары, логикалық, тәжірбиеге бағытталған) және 

инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді, әрі әрбір баланың жеке 

қабілетіне қалайқолдана алуы өте маңызды.  

Функционалды  сауатты  адам  қоғамның  құндылықтарына  сәйкес, 

қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге 

қажетті  мамандықты  таңдап  дұрыс  шешім  қабылдап,  заманауи  ақпараттық 

технологиялардың  тілін  біліп  кез  келген  әлеуметтік  ортаға  бейімделеді.  Осы 

тұрғыда  функционалды  сауатты  адамның  негізгі  белгілерін  тұжырымдауға 




631 

 

болады:  қоғамдық  ортада  өмір  сүре  білетін,  тіл  табыса  білетін,  белгілі  бір 



сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген 

адам болып саналады [7]. 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана,2010.-57 б. 

2. Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі  2012  -2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары 

[Электрондық 

ресурс]. 

URL: 



http:// 

ppi.kz/index.php?id=777&lang=ru&option =com_content&view=article 

3. Орта  білім  берудің  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты[Электрондық  ресурс].  -  URL: 

http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31248110 

4.

 



Қазақстан  Республикасындағы  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта 

білім  берудің  оқу  бағдарламалары  [Электрондық  ресурс].  -  URL: 

http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200008170 

5. Қазақстандағы    орта    білім    беру:    бүгіні    мен    болашағы.  

Салыстырмалы-талдамалыққұрал.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы  

Ұлттық  білім академиясы, 2013. -104 б.  

6. Қазақстанның  жалпы  білім  беретін  мектептердің  4  және  8  сынып 

оқушыларының  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  ғылыми  зерттеу 

нәтижелері. Ұлттық есеп. - Астана: ҰББСО, 2013. - 237 б. 

7. Нұрахметов  Н.Н.  Нәтижелі  білім  беру  үшін  функционалдық 

сауаттылықтар 

жүйесін 


қалыптастыру 

мәселесі 

//Қазақстан 

Республикасы  химия  және  биология  мұғалімдерінің  съезінің 

материалдары. - Өскемен: 2012 (28-29 маусым). -Б.21-23. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет