Домендік атты теру.
Каталог – бұл ыңғайлы іздеу жүйесі, бірақ егер сізге Intel немесе IBM
компаниясының сервері керек болса, сіз каталогке қатынай алмайсыз.
Сәйкес сайттардың атын табу қиын болмайды: www.intel.com, www.ibm.com.
Сол сияқты, сізге егер ауа райына арналған сайт қажет болса, оны
www.weather.com серверінен іздеген дұрыс болады. Көп жағдайларда
кілттік сөз арқылы сайтты табу мәтінде көп кездесетін сөзден тұратын
құжатты тапқаннан ыңғайлы.
Іздеу кезінде танымалы емес компаниялардың адресінің атын ойдан
тергенде, бірде-бір іздеу жүйесінде тіркелмеген сервермен байланыс
орнатуы мүмкін болғандықтан, ол іздеудің басқа түрлерімен табысты
бәсекелесе алады. Осыған ұқсас іздеулер тиімсіз, сондықтан ізделінетін
сайттың атын таба алмайтын болсаң, іздеу машинасын қолдану керек.
Іздеу машиналары.
Сұранысқа жауап ретінде сіз әдетте құжаттардың ұзын тізімін алаcыз,
оның көбі сіздің сұрағыңызға жауап бермейді және сол тақырыпқа
ешқандай қатысы болмайды. Сондай құжаттар релевантты емес (ағылшын
сөзінен шыққан, relevant- лайықты, қатысты) деп аталады, ізденіс бойынша
табылған құжаттар релевантты құжаттар деп аталады.
Табылған сілтемелердің тізіміндегі релевантты құжаттардың проценті
сұраныстың дұрыс қойылуына байланысты болады.
Іздеу машинасы тапқан барлық құжаттардың ішіндегі релевант
құжаттардың бөлігін іздеу дәлдігі деп атайды. Релевантты емес құжаттарды
шуы бар құжаттар деп атайды. Егер табылған құжаттардың барлығы
релевантты болып келсе (шуы жоқ құжаттар), іздеу дәлдігі 100% құрайды.
Егер барлық релевантты құжаттар табылса, онда іздеу толымдығы 100%
тең.
Сайып келгенде, іздеу сапасы екі өзара тәуелді параметрлермен
анықталады: дәлдікпен және іздеу толықтығымен. Толықтықтың артуы
дәлдікті төмендетеді және керісінше.
Іздеу машинасының жұмыс механизмі.
Іздеу жүйелерін анықтама қызметімен салыстыруға болады, онда
агенттер кәсіпорындарды аралап, мәліметтерді деректер базасына жинайды.
Клиент анықтама қызметіне жолыққанда ақпарат сол деректер базасынан
алынады. Мәліметтер базада ескіріп отырады, сондықтан агенттер оларды
оқтын-оқтын жаңартады. Кейбір кәсіпорындар мәліметтерді өздері
33
жібереді, сондықтан агенттердің оларға барудың қажеті болмайды. Басқаша
айтқанда, анықтама қызметінің екі функциясы болады: жасау және деректер
базасын тұрақты жаңарту және клиент сұранысы бойынша базадан хабар
іздеу.
Сол сияқты, іздеу машинасы да екі бөлімнен тұрады: робот – ол
берілген серверлерді аралап деректер базасын қалыптастырады және іздеу
механизмі. «Робот» терминінің көптеген синонимдері бар, роботтан басқа
оны желілі агент немесе торапта жүргеніне байланысты құрт немесе
өрмекші дейді.
Робот базасы негізі роботтың өзімен (робот өзі жаңа қорларға
сілтемелер тауып алады) және аз дәрежеде өз сайттарын іздеу
машиналарында тіркейтін қор иелерімен қалыптасады. Деректер базасын
қалыптастыратын роботтан басқа табылған сілтемелердің рейтингісін
анықтайтын программа бар.
Іздеу машинасының жұмыс принципі пайдаланушы көрсеткен кілттік
сөздер арқылы ішкі каталогтан (деректер базасы) релеванттігі бойынша
сұрыпталған сілтемелер тізімін беру арқылы іске асырылады.
Іздеу жүйесі тек ішкі каталогтармен операциялайтынын атап айтқан
жөн. Іздеу машинасының мәліметтер базасы жүйедегі түйіндік адрестерді
сұрау арқылы әрдайым жаңартылатынына қарамастан, іздеу машинасының
ішкі қорларын және желі қорларын салыстыруға келмейді, сондықтан
әрқашан машина ескірген адрес немесе қажетсіз ресурс табатыны өте
ықтимал. Проблема тек қана ішкі қорлардың шектілігінде ғана емес, тағы
роботтың жылдамдығының шектілігінде тұр. Іздеу машинасының ішкі
қорларының көбеюі проблеманы шешпейді, себебі аралау жылдамдығы
ақырғы болып табылады. Бірақ іздеу машинасының ішінде каталогтарға
бөлінген Интернеттің кіріс қорларының белгілі бөлігінің көшірмесі болады
деуге болмайды. Толық ақпарат (кіріс құжаттар) бәрі бірдей сақталмайды,
көбіне жиі тек оның бөлігі – индекстенген тізім немесе индекс деп
аталатын, құжат жолынан шағын бөлігі сақталады.
Индекс құрау үшін кіріс мәліметтер қор көлемі минималды, ал іздеу
тез әрі максималды пайдалы ақпарат беретіндей түрлендіріледі.
Индекстелген тізімді түсіндіру үшін оның қағаз аналогы – конкорданс, яғни
сөздікті келтіруге болады, онда белгілі жасушымен қолданылатын сөздер
алфавиттік тәртіпте болады және де жазушы шығармасында келтірілгеніне
сілтеме болады.
Айтпаса да түсінікті, конкорданс (сөздік) шығарма тексінен шағын
және одан керекті сөзді іздеген кітапты түгел парақтағаннан көп жеңіл.
Достарыңызбен бөлісу: |