Жарақаттанған перикардит – жҥрек қабының қабынуы бӛгде заттардың енуінен
пайда болады. Ауру кӛбінесе ірі қара мал арасында жиі, ешкіде сирек кездеседі.
Этиологиясы. Тақия қарын арқылы енген бӛгде заттар (істік темірлер, шегелер,
инелер, шыны сынықтары) жҥрек қабына әсерін тигізеді. Бҧл заттар тақия қарынға
жем-шӛппен тҥседі. Істік темірлер жҥректің қабын, кӛк етін, ішкі қабатын
жарақаттай отырып, жҥрек қабының қуысына тҥрлі микрофлораларды енгізеді.
Іріңді-сасық қабыну дамиды, жҥрек қабының ішіне 20 мл-ге дейін жалқылы сарысу
жиналады. Жиналған жалқық жҥрекке әсерін тигізіп, организм тҥгелдей
бӛліктерімен барлығы уланады.
Белгілері. Ауру малдың жалпы кҥйі нашарлайды, селқостанады, кӛбінесе
алдыңғы аяқтарын алшақтататып ҧстайды. Жҥректің тҧсын сипағанда немесе
басқанда ауырсынады. Жҥрек соғуы дыбыстарына жҥрек қан тамырының ҥйкеліс
шуылдары қосымша араласады. Ауру 2-3 аптаға созылады да, ӛліммен аяқталады.
Емі. Малды етке тапсырған жӛн. Емі жоқ.
Сақтандыру. Сусымалы жемдерді магнитті қондырғылардан ӛткізеді және
темір-терсектермен ыластанған жайылымда малды жаймау керек