141
теңдігінің бҧзылуымен сипатталады, сонымен бірге қорғаныс-бейімделушілік реакцияларын
жҧмылдырады. Жануарлардың экономикалқ қҧндылығын тӛмендетеді.
Ауруды ғылыми тҥрде тҥсіну ҥшін дененің биологиялық ерекшеліктерін, оның сыртқы
ортамен тығыз байланыста болуын және нақты сыртқы ортаның жағдайына бейімделу қабілітін
есепке алуды талап етеді. Аурудың дамуында этиологиялық факторлар және дененің қорғаныс-
бейімделушілік реакцияларымен қатар ӛте ҥлкен рӛлді сыртқы орта ойнайды.
Ауру, сырқат, науқас - бҥкіл дененің азаптануы. Ол қандай да бір мҥшесінде немесе
жҥйесінде негізгі залалды қоспағанда, кез келген ауруда бҥкіл дене әр тҥрлі деңгейде әрекет етеді.
Ауру шартты тҥрді 4 кезеңге бӛлінеді. Жасырын, латентті кезең (инфекциялық аурулар ҥшін
инкубациялық кезең) – ауру тудыратын себебтің әсер ету уақытынан бастап аурудың ең алғашқы
белгілері кӛрінгенше. Бастапқы кезең – негізінен рефлекторлық қызметтің бҧзылуы нәтижесінде
пайда болған және соның нәтижесінде саногендік тетіктердің әлсіреуінен және бҧзылуынан болған
алғашқы әлсіз кӛрінген қызмет бҧзылуы (солғындық, ет ширақтылығының тӛмендеуі, тәбеттің
жоғалуы және тағы сол сияқтылар). Аурудың толық даму кезеңінде сол ауруға байланысты бҥкіл
белгілері және синдромдары байқалады. Бҧл кезеңде аурудың клиникалық белгісін, оның ауырлық
деңгейін және нәтижесін анықтайтын, денеде ӛтіп жатқан дерттенуі және сауықтыру ҥрдістерінің
ӛзара әсері кӛрінеді. Біту кезеңі аурудың толықтай немесе толық емес айығуымен немесе оның
ӛлуімен аяқталады. Егер сауықтыру ҥрдісі басым болса онда ауру айығады, ал егер дерттену ҥрдісі
басым болса, онда ауру ауырлайды және ӛледі.
Аурудың айрықша ӛзгешелігі және оның ӛту динамикасы зардапты себебкердің
ӛзекшілігімен және сол дененің әсерлену қасиетімен, жануар тіршілік ететін ортаның әсерімен
анықталады. Ауруды емдеудің және алдын алудың сәттілігі оны тудырған себебтерді толық
жоюына, саногендік тетіктердің аяушылығына және жағдай жасауына және патогендік
бҧзылыстарды жоюға байланысты.
Аурулардың жіктелінуі және номенклатурасы, ауруларды жалпы белгілері бойынша
топтау және ауру атауларының тізімі (аурутанушылық бірлік). Жануарлардың ауруларын дҧрыс
және біркелкі белгілеу ҥшін қажет.
Аурулардың жіктелінуі этиологиялық ҧстанымға негізделген, осыған байланысты аурулар
екі негізгі топқа бӛлінеді: жҧқпалы және жҧқпалы емес аурулар болып. Жҧқпалы аурулар, ӛзінше,
инфекциялық (зардапты микробтар туғызады) және инвазиялық (қоздырғыштары –
қарапайымдылар және тӛменгі жануарлар) болып бӛлінеді. Жҧқпалы аурулардың ішінде адамға
және жануарларға бірдей аурулар бӛлінеді - зооантропоноздар. Жҧқпалы емес аурулар орналасқан
жеріне және патологиялық ҥрдістің сипаты бойынша жіктелінеді. Осы белгілері бойынша оларды
мҥшелер мен жҥйелер аурулары деп бӛледі (мысалы, бҥйрек, жҥрек аурулары, ас қорыту, тыныс
алу, қан айнау жҥйелері аурлары және тағы сол сияқтылар). Одан басқа бҥкіл аурулар жануарлар
тҥрі бойынша жіктелінеді, мҧндайда жалпы барлық жануарларға бірдей және жекеленген тҥрлерге
тән ауруларды бӛліп кӛрсетеді. Әр аурудың ӛзіндік қасиеттері жинақталған тҥрде аурулардың
номенклатурасын білдіреді; ауру атаулары ҥш тілде жазылған: қазақ, орыс және латын тілдерінде.
Достарыңызбен бөлісу: