Емі. Ауру жануарларды оқшаулайды, қҧнарлы жҧмсақ азық және таза сумен
қаматамасыз етеді. Ауыз қуысын тҧтқырлайтын және антисептикалық
препараттармен жайып жауып тҧрады. Аяқтарының терісіндегі зақымданған
жерлерін тазалайды, желінін хирургиялық әдістермен ӛңдейді, сосын емдік
майларды, ауырғанын бәсеңдететін заттарды және антибиотиктерді қолданады.
Керекті жағдайларда ауру жануарға жҥректің препараттарын енгізеді және тамырға
глюкоза, хлоридті кальций және хлорид натрий салады.
Иммунитет. Аусылдан ауырып айыққан малдар ауруды тудырған вирустың сол
тҥрі мен вариантына қарсы тҧрақты иммунитет алады. Иммунитеттің ҧзақтығы 1-10
жыл.
Аусылдан сақтандыру мақсатында Қазақстанда (Франциямен бірге) ӛндірілетін,
ірі қара малының тілінің эпителиясында Френкель әдісі бойынша ӛсіріліп, вирустан
алынатын поливалентті гидроокисьалюминді формолвакцина қолданылады.