162
бейім жануарларды жою, мҧқиятты тҥрде дезинфекциялау және індетті ошақты
толық зарарсыздандыру тәсілдерін қолданып аусылмен кҥресу қабылданған.
Азия, Африка, Оңтҥстік Америка елдерінде, соның қатарында біздің елімізде де
аусылға қарсы жануарларды егу кешенді тҥрде қорғау-карантиндеу және
ветеринарлық-санитарлық шаралармен бірге жҥргізіледі, ал ауру және ауырып
жазылған малдарды ӛлтіру ӛте сирек кездеседі.
Аусыл шыққан шаруашылыққа немесе елді мекенге карантин салынады,
аусылдан қауіпті зонаны анықтайды. Шаруашылықта малдарды іріктеуге, сау
малдармен ауруларды бірге жоюға, суғаруға және бірге тҧруына тиым салынады.
Айналып ӛтетін жерлер кӛрсетіліп, аурудан сәтсіз елді мекенге апаратын барлық
жолдар жабылады, кӛліктердің ӛтуіне тиым салынатын белгілер қойылады.
Тәуліктік кҥзет қойылады.
Ауру жануарларды оқшаулап емдейді. Аусыл ошағындағы барлық клиникалық
сау малдарды аусылға қарсы вакцинамен егеді.
Аусылдан таза емес елді мекендегі карантин ақырға ауру малдың жазылуынан 3
апта ӛткен соң және қорытынды дезинфекция жасалғаннан кейін ашылады. Алайда
карантин алынғаннан кейінгі 12 айдың ішінде аусылмен ауырған немесе оған қарсы
иммундеоген және аурулармен бірге болған малдарды аурудан таза
шаруашылықтарға әкетуге тиым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: