27
Эмпирикалық және теориялық зерттеу деңгейлерінің ӛзара әрекеттесуі
мынада:
(1) фактілердің жиынтығы теорияның немесе гипотезаның практикалық негізін
қҧрайды;
(2) фактілер теорияны растай алады немесе оны жоққа шығарады;
(3) ғылыми факт әрдайым теорияға енеді, ӛйткені ол тҧжырымдамасыз жҥйе
қҧрастырылмайды, теориялық ҧғымдарсыз тҥсіндіріледі;
(4) заманауи ғылымдағы эмпирикалық зерттеулер теорияны басшылыққа ала
отырып анықталады.
«Факт» бірнеше ҧғымда қолданылады:
(1) объективті оқиға, объективті шындық (болған оқиғаның фактісі) немесе
сана мен танымға (сананың фактісі) қатысты нәтижесі;
(2) оқиғаны білу, қҧбылыс, сенімділігі дәлелденген (шындық);
(3) ескертулер мен эксперименттер барысында алынған білімді бекіту.
Эмпирикалық қортындылау - бҧл белгілі бір ғылыми фактілер жҥйесі.
Эмпирикалық заңдар қҧбылыстың тҧрақтылығын, бақыланатын қҧбылыстар
арасындағы қатынастағы тиянақтылықты кӛрсетеді. Бҧл заңдар теориялық білім
емес. Теориялық заңдардан айырмашылығы, шындықтың маңызды байланыстарын
кӛрсететін, эмпирикалық заңдар тәуелділіктерінің беткейлік деңгейін кӛрсетеді.
Тақырып бойынша сҧрақтар:
Ғылымға тҥсінік беріңіз
Ғылымды жіктеңіз
Ғылым ретіндегі ғылыми зерттеулер деген не?
Гипотеза деген не?
Қағида деген не?
Зерттеудің эмпириялық деңгейі деген не?
Достарыңызбен бөлісу: