Қан кету – патологиялық процесс, қанның тамырлар қуысынан тамырлардың
сыртына шығуы. Қан кетудің сыртқа және ішке ағу тҥрлерін ажыратады. Себептері
әр тҥрлі: қан тамырларының механикалық зақымдануы, склероз, жаралар,
патологиялық процес тер, 50% қан кету ӛліммен аяқталады.
Тромбоз – тірі организмде қан тамырлары қуысында қанның ҧюы, ал тромб қан
тамырының ішкі қабырғасымен бірігіп жатады да қан айналымына айтарлықтай
кедергі жасайды. Тромб қан элементтерінен, эритроциттерден, ҧйыған фибриннен,
қан пластикаларынан, лейкоциттерден тҧрады.
Тҥр-тҥсіне, қҧрылымына қарай тромб ақ, қызыл, ала және гиалин тромбтар
болып бӛлінеді.
Тромбтардың пайда болуына қан ағысының баяулауы, қан тамырларының
қабырғасының зақымдануы, қанның сапасының ӛзгеруі әсерін тигізеді.
Тромбтар пайда болу процестері: а)тромбоциттер мен лейкоциттер
агглютинациясы; б) коагуляциясы – ҧюы.
Тромбтардың ақыры: ҧйымдасу, ӛзек тҥзу, петрификация, созылуы. Тромбтардың
зақым келтіруі қан тамырының мӛлшеріне, тромбтың кӛлеміне және мҥшенің
қажеттілігіне байланысты.
Эмболия – қан мен лимфа тамырлары қанның қҧрамында кездеспейтін
бӛлшектермен – эмболдармен бекітіледі. Эндогенді эмболдар – тромбтан бӛлінген
заттар, ҧлпа жҧлындылары және май бӛлшектері болуы мҥмкін. Экзогенді – сыртқы
ортадан ауа арқылы, бактериялар, паразиттер, бӛгде заттар тҥседі.