1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері


 билет  1. 1921-1922 жж. Қазақстандағы жер-су реформасы



Pdf көрінісі
бет23/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

15 билет 

1. 1921-1922 жж. Қазақстандағы жер-су реформасы. 

2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясат бағыттары. 

3. Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы 

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын 

арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру. 

 

1) 1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды. 

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. 

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті. 

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады. 

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп 

қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, 

Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа 

ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында 

егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық 

басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 

жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда 

олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей және 

Ақмола губернияларының шаруаларынан азық – түлік салығы бойынша 4 

млн. пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап 

алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, 

Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Кеңес үкіметі 

Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын бірсыпыра кешігіп 

қолданды. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен 

республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік салығынан 

босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген 

дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет 

шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. 1922 жылы 4 тамызда Еңбек және 

Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық 

машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді. Сол жылы 

Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал 

сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар 

баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР – ге әкетті. 

Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт 

астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды. Осындай 

ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үндеуіне  

байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон 

балық жіберді. 

1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары: 1) Демографиялық жағдай 

нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында 

халық саны 1/3 – ке дейін азайды. 2) 700 мыңнан астам адам республикадан 

тыс жерлерге көшіп кетті. 




Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр 

зардаптарын жою шаралары іске асырылды. 

• 

1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак 



әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. 

Нәтижесінде: 

Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды. 

Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 

• 

1921 жыл – Жетісуда жер реформасы жүргізілді. 



Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. 

• 

1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 



• 

1921–1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам 

Қытайдан Қазақстанға оралды. 

• 

1921 жыл — «Қосшы одағы» құрылды, 1930 жылдан — «Кедей одағы» 



атанды. 

Жетекшілері: А. Асылбеков, Ә. Жангелдин, Г. Коростылев, С. Меңдешев, С. 

Сейфуллин, Ж. Бөрібаев, А. Розыбакиев т. б. 

• 

1921 жылғы наурызда Жетісуда «Қосшы» одағының 17 мыңнан астам 



мүшесі болды. 

• 

«Қосшы» одағының міндеттері: 



1.Еңбек артельдерін құру. 

2.Кедейлерге жер бөліп беруге көмектесу. 

3.Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 

• 

1921–1922 жылғы жүргізілген жер реформасының маңызы: 



1.Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. 

2.Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті. 

3.Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады. 

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр 

зардаптарын жою шаралары іске асырылды. 

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген 

жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың 

десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер 

қазақтарға берілді. 

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, 

қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен 

бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру 

үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. 

1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам 

Қытайдан Қазақстанға оралды. 

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. 

Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс 

аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар 

мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды. 

Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша 

үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді. 



Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін 

бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей 

одағы» атанды). 

Оның міндеттері :  

1)Еңбек  Артельдерін құру.  

2)Кедейлерге жер беру.  

3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 

1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы: 

1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды. 

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. 

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті. 

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады. 

 

2) Ішкі саясат бөлімі қызметінің негізгі міндеттері: 

1. 


Бөлімнің құзыреті шегінде Президенттің ішкі саясат саласындағы 

өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету; 

2. 

ҚР Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың 



қызметін қамтамасыз ету; 

3. 


ҚР Президентінің өзге өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету; 

ҚР сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, 

прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және 

көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. 

Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және 

экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы 

саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен 

татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне 

негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы 

және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні 

дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен 

дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің 

республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас 

орнатты. Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi 

мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша 

біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы 

саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия 

аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-

қатынас құруга бағытталып отыр. 

 

3) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың 

әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан 

халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1.Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-

ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан 

халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары 

(бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін. 




2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы 

орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы 

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын 

арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша 

ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн; 

2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан 

Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың 

орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп 

беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы 

органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары 

Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын 

қамтамасыз етсін. 

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 

Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет