1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет32/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

 

22 билет 

1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. 

2. XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан ғылымы мен 

мәдениетіндегі қарама-қайшылықтар. 

3. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы 

«Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» идеясының мәні (5 наурыз 2018ж.) 

 

1) Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық 

күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің 

Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, 

дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. 

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 

1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым 

оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен. 



2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен 

контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен. 

1917 ж. желтоқсан – 1918 ж. наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай 

облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді 

мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. 

Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі 

үлес қосты. 

1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс 

жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман 

Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне 

қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек 

көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен 

Кеңес үкіметі орнады. 

Сөйтіп, наурыздың 2–нен 3–не қараған түні Верныйда әскери – 

революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің 

қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ 

қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, 

Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында 

Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, Лепсіде орнады.Сөйтіп, 

1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес 

үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде 

түгел орнап бітті. 

 

2) Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан. 

Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа 

мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті 

болды. Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою 

жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды 

Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар: 

• 

мектеп үйлерінің жоқтығы; 



• 

арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі; 

• 

2-3 ауысыммен оқыту; 



• 

ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі 

оқулықтарды пайдалану; 

• 

көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды. 



Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейін жетілдіру, 

сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттігі туындады. Ел 

алдында мәдени құрылысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер тұрды; 

қажетті материалдық-техннкалық база жоқ еді, ұлт зиялылары да ат 

төбеліндей аз болатын. 

20—30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, 

әдебиеттін дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың 

ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды.  

Егеменді Қазақстанда мәдениеттің қалыптасу процесі көптеген 

қиындықтарды және қарама-қайшылықтарды бастан кешірді және бастан 




кешіруде. Жоспарлы экономикаға ауысу жолының басында  өндіріс 

көлемінің құлауымен ілесе жүрген нарықтық қарым-қатынас рельсінде 

«мәдениетті, халықтық білім беруді және ғылымды материалды-техникалық 

және қаржылық қамтамасыз ету маңызды шыңындарды алып келді. 

Ізгілендіру зиялылары және өндірістік емес саладағы мамандар әлеуметтік 

қорғаусыз қалды, ол Қазақстанда 1992 жылы оқытушылар мен дәрігерлердің 

ереуілге шығуына себеп болды. Сол кезде мәдениетті коммерцияға 

айналдыру үрдісі де байқалды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет