16.
Төмендегі кестеде қазақ зиялыларының айтқан ой пікірлерінің мағынасын
түсіндіріңіз.
Ұлт-зиялылары
Айтқан пікірі
Мағынасы
Ə. Бөкейханов
«Тірі бoлсaм, қaзaққa қызмет
қылмaй қoймaймын»
М. Дулатұлы
«Жұрт сеңдей соғылды, түнде
ұйқыдан, күндіз күлкіден
айырылды»
А. Байтұрсынұлы «Қазақ халқының өмір сүруінің
өзі проблемаға айналды»
Берілген ой пікірлерге өз көзқарасыңызды жазыңыз:
[4]
17.
Нарықтық экономикаға көшу барысындаға өзгерістер мен қиындықтарға мысал
келтір
Нарықтық экономикаға көшу барысында
қандай қиындықтар болды
Нарықтық экономикаға көшу
барысындағы қандай өзгерістер болды
1.
1.
Қорытынды
[3]
18.Мəтінді қолданып, əскери-өнеркəсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын
талдаңыз.
Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа əкелген зардабы жайлы
маңызды шешім табылған жоқ. Əсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып
отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. Байқоңырдан ұшырылатын тəжірибелік
космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына əкелетін экологиялық апаты ондағы
техногендік, өндірісте ластану, радиоактивтілік жəне ракета-космос қалдықтарымен
(Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары
деңгейде əсер етуде. 1949-1996 жылдар арлығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару
сыналды. 20 млн. га жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге айналды.
Бұл апат 3,4 млн. адам тұратын елді мекендерді қамтыды. Сондағы тұрғын халықтың
болашағы қандай? Олардың ұрпақтары қандай зардап шегіп отыр?
Достарыңызбен бөлісу: