36
- Ол
ауру адамды, дімкәс адамды, науқастарды,
сырқат, дертті адамдарды емдейді.
Дәл осы жұмыс оқушылардың ойлануына, білгенін есте
сақтауына көмектеседі.
3-топ. Мұғалім суреті көрсетіледі.
- Ал мына суретте кім бейнеленген?
- Бұл суретте
мұғалім, ұстаз, оқытушы, педагог
бейнеленген.
- Ол кімдерді оқытады?
-
Оқушыларды, шәкірттерді, т.б. оқытады.
4-тапсырма. Графикалық диктант. Синоним сөздердің
екі сыңарын табу.
адам
байлық
әлем
әуелі
мықты
күшті жаһан алдымен қазына
пенде
5-тапсырма. Тест жұмысы.
1. Синоним дегеніміз –
А) айтылуы
мен жазылуы бірдей сөздер;
Ә)
қарама-қарсы сөздер;
Б) жазылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жуық сөздер.
2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) мықты; Ә) атақ; Б) дәулет.
3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары
қай сөз табына жатады?
А)
сын есім; Ә)
зат есім; Б) үстеу.
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) шәкірт; Ә) дос; Б) кісі.
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) күлу, сықылықтау, жылау;
37
Ә) зат, мүлік, нәрсе, бұйым;
Б) көне, жаңа, ескі.
Бұл тапсырманы оқушылар тест түрінде орындап, жұп-
жұбымен
тексеріп, бір-біріне баға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: