Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем
1. Қыс ызғары қатты.
Көктем лебі сезіледі.
Жер бусана бастаған.
2. Алуа төгілтіп шешен
сөйлеген еді.
Мадияр оған жаңа көргендей
таңдана қарады.
1. Қыс ызғары қатты, деген-
мен көктем лебі сезіліп, жер
бусана бастаған.
2. Алуа төгілтіп, шешен
сөйлеген еді,
Мадияр оған жаңа көргендей,
таңдана қарады.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып,
күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем
дейміз. Құрмаластың түрлері:
Салалас құрмалас
Сабақтас құрмалас Аралас құрмалас
1. Көктем шыға
ауыл ерекше күйге
бөленеді, бала-шағаға
дейін шаруаның
қамына кіріседі.
2. Ол біресе күледі,
біресе ызаланып
жылайды.
Көктем шыға
ауыл ерекше
күйге бөленіп,
бала-шағаға дейін
шаруаның қамына
кіріседі.
Көктем шыға ауыл
ерекше күйге
бөленіп, бала-шағаға
дейін шаруаның
қамына кіріседі,
кешегі жас бала
кәдімгідей көмекшіге
айналады.
Құрамындағы жай
сөйлемдерінің баян-
дауыштары тиянақты
болып келіп, бір-
біріне тәуелсіз тең
дәрежеде байланы-
сады.
Алдыңғы сөйлемнің
баяндауышы
тиянақсыз болып,
кейінгі сөйлемге
бағына байланы-
сады.
Құрамындағы жай
сөйлемдер салала-
са да, сабақтаса да
байланысады.
41
1. Мағыналарының
жақындығына қарай
іргелес тұрып, дауыс
ырғағы (интонация)
арқылы байланысады.
2. Құрамындағы жай
сөйлемдер жалғаулық
шылаулар арқылы
байланысады.
Бағыныңқысының
баяндауышының
негізгі жасалу жол-
дары:
Шартты рай: -са,
-се; Көсемше : -а,-е,
-й; -ып, іп, -п; ғалы,
-гелі, -қалы, -келі;
Есімше: -ған, -ген,
-қан, кен, +дықтан,
-діктен, -мен, ша,
-ше, -да, -де;
Болымсыз етістік:
-ма, -ме, -па,-пе,
-ба, -бе,+й; -йынша,
-йінше, -стан, -стен.
Құрамындағы үш
жай сөйлемнің
біреуінің баян-
дауышы тиянақсыз,
қалған екеуінің баян-
дауыштары тиянақты
болып келеді.
Оқулықпен жұмыс.
1-топ. 130-жаттығу. Жай және құрмалас сөйлемдерді
бөлек-бөлек көшіріп жазып, ерекшелігіне тоқталыңдар.
2-топ. 132-жаттығу. Кестедегідей бағытта бірнеше
мысалдар келтіріңдер.
3-топ. 134-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді пайдалана
отырып, салаласа және сабақтаса байланысқан құрмалас
сөйлемдер жасаңдар.
«Кім жылдам?» ойыны. Көркем шығармадан құрмалас
сөйлемдерді тауып оқып, түрін ажырату.
1-топ: Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» эпопеясы. 2-топ:
Мұхтар Әуезов. «Қилы заман» романы. 3-топ: Оралхан
Бөкей. «Таңдамалы шығармалар». 2-том.
Ойтолғау сатысы. «Шығармашылық – білімді адам
жететін шың».
Әр топқа суреттер таратылады, осы суретті негізге ала
отырып, құрмалас сөйлем етіп шағын мәтіндер құрастыру.
«Сен қалай ойлайсың?». Салалас пен сабақтас, аралас
сөйлемдерді ажырату, сөйлем мүшесіне талдау.
«Салалас» тобына: 1. Адам ымырт кезінде ұйықтамайды,
себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады. 2. Мен үндемедім,
42
бірақ өз пікірімде қалдым. 3. Осылар арасынан шыққан
Базаралы болса, ол
– әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік.
4. Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның
қасындағы бала араларын аша берді.
Достарыңызбен бөлісу: |