51
5-слайд. Ойтолғау «Кітап – білім бұлағы».
6-слайд. Өзіңді тексер. Тест сұрақтары.
1. Шылау арқылы байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз:
А)
Орта мектеп; Ә) Қазыбектің жоспары;
Б) Жиналыстан кейін; В) Дәл өзі; Г) Бекерге қиналу.
2. Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсілін көрсетіңіз:
А) Үйге келсем; Ә) Отыр екен; Б)
Қызыл сиыр;
В) Өзің үшін үйрен; Г) Үшінші сынып.
3. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысқан түрін
табыңыз:
А) Оның еркі; Ә) Ғибратты ғұмыр;
Б)Уақыттан озған; В) Дүйсенбіде жолығу;
Г) Өмір үшін талас.
4. Орын тәртібі арқылы байланысты көрсетіңіз:
А) Дәрі ішу; Ә)
Қос құрбы; Б) Марат – оқушы;
В) Тыныштық үшін күрес; Г) Бекерге қиналу.
5. Сөздердің шылау арқылы байланысын көрсетіңіз:
А) Бақытты сезіне; Ә) Өзің үшін күрес;
Б) Қызықты кітап; В) Әулие адам; Г) Әр қилы.
6. Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз:
А) Арман үшін аттану; Ә)
Көлдің жағасында;
Б) Үш дәптер; В) Биік дәреже; Г) Ер-азамат.
7. Шылау арқылы байланысқан сөздерді анықтаңыз:
А) Итті қуды; Ә) Кешке таман жетті; Б)
Алтын тіс;
В) Жылтыраған сәуле; Г) Арқанмен түсті.
8. Орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз:
А) Өнегелі өмір; Ә) Біздің ауыл; Б)
Неге көндім;
В) Ойсыздарға қосылма; Г) Малыңды бақ.
9. Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз:
А) Ұзатқан қыз; Ә) Көршімен сырласу;
Б)
Әке-шешесіне көмектесу; В) Отаным үшін аттанам;
Г) Достың пейілі.
52
10. Дауыс ырғағы арқылы байланысқанда қойылатын
тыныс белгісін табыңыз:
А) Сызықша; Ә) Үтір; Б) Нүктелі үтір;
В) Дефис; Г) Қос нүкте.
IV. Қорытынды. Бүгінгі сабақтан не меңгергендігі
сұралады.
Достарыңызбен бөлісу: