Қашаған Күржіманұлы атындағы
№8 орта мектептің мұғалімі.
Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы.
ШӘКӘРІМ ӨМІРІ МЕН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
(10-сынып, модульдік технология бойынша 5 сағатқа
негізделген)
Сабақ мақсаты: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы
туралы орнықты білім беріп, туындылары жөнінде айқын
көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері: білімдік – Шәкәрім
Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы
кеңірек мағлұмат беру, түсіндіру;
дамытушылық –
қосымша материалдармен, фактілермен таныстыру арқылы
оқушының ой-өрісін дамыту;
тәрбиелік – дұрыс сөйлей
білуге, сауатты жаза білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: ақынның суреті, кітаптары, газет
материалдары, магнитофон.
Достарыңызбен бөлісу: |