«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf көрінісі
бет75/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   145
Байланысты:
kazak tili men debieti 2013 no 08

Ақпанның төрті.
Қожа бейнесі.
- Жаңа сабағымыздың ерекшелігі: менің бағыт-бағдарым 
арқылы өздерің әр түрлі тапсырмалар орындайсыңдар.
Жазушы  аталарың  Қожаның  портретін  қалай  суреттеп 
берген еді. Қане, Дәулет, Қожаны көз алдымызға елестетіп, 
портретін беріп көрші. (Дәулет жатқа айтады).
«Мынау – менің мұрыным. Әжем кейде атымды атамай, 
«Тәмпіш неме» дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі 
танауыма  екі  саусағым  еркін  сыйып  кетерлік,  қосауыз 
мылтықтың  ауызындай  үңірейіп  тұр.  Екі  шекемнің 
шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, 
тап-тақыр.  Сол  жақ  құлағымның  астына  таман  бір  түйір 
қалым  бар.  Бәтшағардың  бітпейтін    жерге    бітуін  қарашы. 
Одан да бетімнің ұшына таман барсашы, сонда әдемі көрінер 
ме едім. Ал бойымды біреулер «Орта бойлы» дейді. Әжем 
болса «Әкең тәрізді сұңғақ болатынсың» дейді».
Міне, Қожа бейнесі көз алдарыңда. Дәулет өте жақсы 
суреттеп айтып берді. Енді «Қожа қандай бала?» деген сұрақ 
төңірегінде ой бөлісейік.
Сегіз  оқушыға  үлестірме  кеспе  таратып  беремін. 
Кеспедегі сұраққа жауап беріп, Қожа қандай  бала екенін өз 
сөздерімен дәлелдейді:
№1. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды 
ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет