Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет43/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

тұрғыдан  салғастырылуы  тиіс  екендігін  айтады.  Құрылымы 
әртүрлі  тілдерді  салғастырғанда  ол  тілдердің  грамматикалық 
инвентары  ғана  салыстырылмай,  ондағы  тілдік  бірліктердің 
қызметтеріне тән ортақ қасиеттерді, сәйкестіктерді салғастыру 
абзал. Олардың ерекшеліктері қандай, айырмашылықтары неде, 
нақты  сөйлеу  әрекеті  кезінде  дыбыстар  қандай  қисында 
тіркеседі деген мәселелер қамтылуы қажет. 
Бұл бір шет тілін оқытудың практикасына немесе аударма 
практикасына бағытталған салғастырмалы зерттеулердің бағыт-
бағдарына  байланысты  шыққан  қорытынды  грамматика  үшін 
де  өте  маңызды.  Егер  қандай  да  бір  тілдік  тәсілдердің 
қолдануының ерекшеліктері зерттелсе, ол белгілі грамматикалық 
ұғымдардың 
категориялық 
қызметін 
анықтауда 
да, 
лингводидактикалық  мақсаттар  үшінде  маңызды  болып 
табылады.
3)  Салғастырмалы  зерттеулерде    тілдік    бірліктердің 
парадигматикалық және   синтагматикалық қатынастарының 
ара салмағы есепке алынуы қажет.
Парадигматикалық  қатынастар  дегеніміз  –  тілдің 


137
Лингвистиканың өзекті мәселелері
грамматикалық  құрылымының  (строй)  бір  семантика-
функционалды  қатарындағы  грамматикалық  формалар 
арасындағы  қатынас.  Тілдік  бірліктердегі  семантикалық 
құрылымдарына  талдау  жасау  сол  құрылым  ішіне  енетін 
парадигманың  басқа  мүшелеріне  байланыссыз  мүмкін  емес. 
Функционалды  тұрғыдан  қарағанда,  парадигматикалық  қатар 
белгілі бір функционалды-семантикалық категорияның барлық 
айтылу құралдарын (средство выражения)  құрайды. 
Одан ары ғалым З.Қ.Ахметжанова орыс тіліндегі купить 
лексемасының  құрылымын  продать,  иметь,  наследовать, 
украсть  лексемаларымен  салыстыра  отырып,  олардың  ара 
қатынасын белгілеуге болады, яғни, Х дегеніміз У, Х-тің У-і бар 
конструкциялары  арқылы  да  айқындауға  болатынын  айтады. 
Тілдік бірліктерді функционалды-парадигматикалық қатардың 
функционалды-семантикалық құрылымының орнын айқындауға 
көмектеседі және талдап отырған тілдік бірліктің тілге қатысты 
немесе тілден тысқары (периферия языка) екендігін анықтауға 
көмектеседі,-дейді.
Функционалды салғастыру тілдік бірліктердің мәтін түзу 
кезінде семантикалық құрылымға әсер ететін синтагматикалық 
қатынасты  есепке  алуды  көздейді.  Бұл  тұрғыда  ғалым 
З.Қ.Ахметжанова иметь дом және иметь возможность деген 
сөз  тіркестерін  салыстырып,  ара-жігін  көрсетеді:  бірінші 
мысалда  дом  зат  есіммен  тіркесіп,  иметь  сөзі  «ие  болу» 
қатынасын білдіреді, екінші жағдайда иметь етістігі абстракты 
зат  есіммен  тіркесіп,  «мүмкіншілігі  бар»  деген  мағынаға  ие 
болып  тұр.  Семьялы  адам  немесе  сыйлы  адам    тіркестерінің 
бірінші  жағдайында  қатыстық  сын  есім  нақты  зат  есімге 
тіркесіп, поссесивтік қатынасты білдірсе, екіншісінде абстракты 
зат есімге (сый) тіркесіп, объектінің жағдайын білдіріп тұр.
Парадигматикалық 
қатынас 
тілге 
қатысты, 
синтагматикалық  қатынас  сөйлеуге  қатысты  дей  келе, 
парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарды есепке 
алу 
ұстанымын 
ұсынған 
ғалым 
З.Қ.Ахметжанова, 
салғастырмалы  зерттеуде  жалпы  тілдік  бірліктерді  қарастыру 
ғана  емес,  олардың  қолдану  ерекшеліктерін  көрсету  қажет, 
тілдік бірліктердің қолданысын көрсету, мұндай салғастыру ол 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
138
тілдік  бірліктердің  потенциясын    көрсетумен  қатар,  сол 
потенцияны  өзгертуге  әсер  ететін  факторларды  да  анықтауға 
мүмкіндік жасайтынын зерделейді.
4) Міндетті түрде   ұғым мен терминнің сәйкестігі болуы 
шарт. Тілдерді салғастыра, салыстыра зерттеу өз мәресіне жету 
үшін  тілдердегі  белгілі  құбылысты    бір  өлшеммен,  ұғыммен 
сипаттау  қажет.  Себебі  тілдерді  зерттеу  барысында қандай  да 
бір  термин  әр  тілде  әртүрлі  ұғымды  беруі  ықтимал.  Осыған 
байланысты ұғымдар мен терминдерді сәйсестендіріп, жалпыға 
ортақ  бірегей  қорытындыға  келу  керек.  Терминдер  мен 
ұғымдарды  сәйкестендіру  ұстанымы  сипаттама  лингвистика 
бойынша 
зерттеулерге 
қойылатын 
талапқа 
сәйкес 
терминологиялық 
ақпараттың 
негізіне 
сүйенеді. 
5)
Салғастырмалы  функционалды-семантикалық  зерттеулерде 
тілдік  тәсілдердің  семантикалық    және    құрылымдық 
функцияларын    анық  айыра  білу  керек.  Бұл  шет  тілін  оқыту 
практикасында  интерференциялық  сипаттағы  қателерге  жол 
бермеу үшін өте қажет болып табылады.
6) Тілдің құрылымын анықтау үшін қандай да бір ұғымдық 
концептке сүйенген және қандай да бір семантикалық қызмет 
атқаратын  грамматикалық  категорияларды  да,  тілдің 
механизмінің  бөлшегі  туралы  хабар  беретін  формалды 
класстарын  да  жақсы  білген  абзал.  Семантикалық  негізгі 
категориялар 
мен 
формалды 
кластар 
арасындағы 
айырмашылықтар интерференцияның сипатын да, ара салмағын 
да көрсетеді /З.Қ.Ахметжанова/. 
Профессор Қ.Т.Рысалды «бұл принциптер функционалды-
семантикалық грамматиканың А.В.Бондарко айқындаған тілдің 
құрылымдық-функционалдық 
бірлестігі 
принципімен, 
интегративтік    және  бір  бірліктің  мағыналық-функционалдық 
қабілеттерін басқа бірліктердің толтыру ұстанымымен ұштасып, 
жалпы  функционалды  грамматиканың  және  оған  қоса  осы 
тұрғыдағы  салғастырмалы  типологияның  негізін  қалады, 
сонымен функционалды контенсивті типологияның теориясын 
дамытуға ықпал етті,»- деп ерекше бағалайды / Қ.Т.Рысалды /.  
Профессор  М.Т.Сабитова    өзінің    «Қазақ  және  неміс 
тілдерінің  салғастырмалы  фразеологиясының  қалыптасуы» 


139
Лингвистиканың өзекті мәселелері
деген 
мақаласында: 
«А.Д.Рахштейн 
лингвистикалық 
салғастырмалы  талдаудың  қиындығы  мен  аздығын  көрсете 
отырып,  тілдердің  түрлі  топтарына  және  салғастырудың  кез 
келген  деңгейінде  қолдануға  болатын  кейбір  ұстанымдарды 
анықтады,» - деп, оларды жіктеп көрсетеді:
1.Жеке  тілдерді  зерттеу,  салыстыра,  тұтастай  және 
кезеңмен жүргізілуі тиіс, жеке тілді зерттеу тіларалық зерттеуден 
бұрын басталады;
2.Ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарға  салғастырмалы 
талдау  –  салғастыру  бірліктері  арасындағы  объективті 
ұқсастыққа негізделеді;
3.Тілдегі бірліктерді салғастыру және тілдерді зерттеудің 
біртұтас  теориясы  негізінде  жүргізілуі  тиіс.  Біртұтас  ұғым  – 
терминалогиялық аппарат көмегі арқылы жүзеге асады;
4.Бір  жақты  немесе  екі  жақты  салғастыру;  оның 
нәтижелерінің  салғастыру  барысы,  мазмұны  біржақты  (А 
тілінің  ерекшелігін  Б  тілінің  ерекшелігіне  қатысты  зерттеу 
немесе керісінше),  екі жақты (А және Б тілдерін қатар талдау) 
болуы мүмкін.
5.Салғастырмалы  талдау  тілдік  формадан  мазмұнға 
(семассиологиялық  жол)  немесе  мазмұнын  оның  айтылым 
тәсіліне  қарай  (ономасиологиялық  жол)  бағытталады. 
Салғастыра зерттеуде осы екі жол өзара үйлесіп тұрады.
6.Салғастыра  зерттеу  синхронды-салғастыру  немесе 
диахронды- салғастыру болуы мүмкін.
7.Салғастырмалы  талдаудың  көздері:  салғастырылушы 
тілдің түпнұсқасы, материалдары.
Құрылымы  әртүрлі  тілдерді  типологиялық  зерттеуде 
жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тигізер пайдасы орасан. 
Бұл  принциптер  мен  ұстанымдарды  лингвистикалық 
типологияда пайдалану салғастырмалы-типологияны дамытуға 
ықпал  жасайды.  Қазақ  тілін  басқа  тілдермен  салыстыра  және 
салғастыра  зерттеуді  дамыту  –ана  тіліміздің  аясын  кеңейтіп, 
мемлекеттік тіл ретіндегі статусы мерейінің үстем болуына әсер 
ететіні сөзсіз.
Өз  тарапымыздан  құрылымы  әртүрлі  тілдерді 
салғастырғанда  мына  ұстанымдарды  назарда  ұстағанды  жөн 
санаймыз:


Лингвистиканың өзекті мәселелері
140
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет