- оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын пайдаланумен оқу-
тəрбие үдерісін жетілдіру;
- компьютерлік техниканы қолданумен оқытудың əдістемелік
жүйесін жүзеге асыру аясында денсаулықты сақтауды бақылау;
- оқыту үдерісінде денсаулықты сақтауды жүзеге асыратын
медициналық-профилактикалық қамтамасыз ету;
- ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану
аясында оқу-тəрбие үддерісін денсаулық сақтаумен сүйе-
мелдеуді жоспарлау;
- ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану
аясында оқу-тəрбие үдерісін денсаулық сақтаумен меди-
циналық-психологиялық қамтамасыз ету;
- оқушылардың денсаулығына кері əсерін тигізбейтін оқыту
құралдарын іріктеу мен қолдану.
Мектептің денсаулық сақтау ортасының теориялық моделін
қалыптастыру жəне Ақпараттық-қатынастық технологиялардың
құралдарын қолдану арқылы оқыту үдерісінде оқушылардың
денсаулығын сақтау ерекшеліктерін жеке есепке алу, туындаған
мəселелерді жоюға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар
практикада педагогтар мен мектептің əкімшілігі қолдана алатын
жалпы жəне жеке ұсыныстар мен технологиялық қадамдарды бере
алады. Мұндай қадамдарға, бірінші кезекте, келесілерді жатқызу
қажет: