Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет1/151
Дата19.05.2022
өлшемі9,1 Mb.
#34990
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Байланысты:
11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том




 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ 
 (ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ)
 
 
 
 
 
 
 
 
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ 
ЖИНАҒЫ
  
 
(КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ)
 
 
 
 
9-сынып 
І том
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қызылорда, 2020 жыл


ӘОЖ 373 
КБЖ 74.26 
Е 53 
 
 
 
Жалпы редакциясын басқарғандар: 
 
Г.Смагулова, Ж.Сыздықова, Г.Шермағамбетова, А.Ахметова, Ж.Тұрсынбайқызы.
 
 
 
Авторлар ұжымы: 
 
И.Сайдалиева, Г.Тулендиева, Г.Онайбекова, Н.П.Нам, А.Сыдыкова, С.Альсейтова, 
Б.Әбілова, Г.Садыкова, Б. Шәкиев, Ж.Алдамжарова, М.Әбілдаева, М.Искаков, 
А.Қонысова, Н.Есбосын, В.Жанұзақова, Б.Алушаева, Қ.Берманова, Г.Амандыкова, 
Р.Күзембаева, 
Д.Садирбаева, 
А.Саттарбек, 
Г.Ибраева, 
Н.Ботаев, 
Э.Түлкібаева, 
Б.Берікқалдиев, 
В.Сарманқұлова, 
В.Алипбаева, 
А.Байтасова, 
А.Тимурқызы, 
К.Ембергенова, 
В.Айменова, 
Н.Жусипова, 
Ж.Маханбетжанова, 
Ж.Мамахатова, 
Г.Қосмұратова, Р.Еримбетова, Б.Уткелбаева, А.Мырзахметов. 
9-сынып)._Көмекші_құрал.'> Емтихан тапсырмаларының жинағы (9-сынып). Көмекші құрал. - Қызылорда: 
Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет), 2020 жыл. - 200 бет. 
ISBN 978-601-341-605-2 
Жинаққа 9-сынып бітірушілері емтихан тапсыратын барлық пәндерден үлгі 
тапсырмалар енгізілген. 
Жинақ барлық пән мұғалімдері мен 9-сынып оқушыларына арналған.
ӘОЖ 373 
КБЖ 74.26 
 
 
 
ISBN 978-601-341-605-2 ©Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет), 2020 
 ©Авторлар ұжымы, 2020



9-сынып 
Емтихан тапсырмалары 
 
Алғы сөз 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім алушыларды 
қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің немесе модульдердің 
көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім ретінде анықталған. 
2019-2020 оқу жылынан бастап негізгі орта мектеп бітіруші түлектер үшін 
қорытынды аттестаудың форматы өзгерді. Себебі 9-сыныпты бітіруші түлектер 7-
сыныптан бастап үш жыл бойы жаңартылған оқу бағдарламасымен білім алып және 
оқудағы жетістіктері критериалды жүйеде бағаланып келеді. Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың 
үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығына 2019 жылдың 26 қарашасындағы №509 
өзгерістер мен мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда:
9-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда 
өткізіледі: 
1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), 
гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша 
жұмыс (мақала, әңгіме, эссе); 
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; 
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілімен 
әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі 
мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан; 
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы
дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), 
информатика) бойынша жазбаша емтихан. 
Жаңа форматтағы сынақ түрі болғандықтан, сұрақтар мен алаңдаушылықтар болуы 
заңды. Соның алдын-алу үшін мұғалімдер мен оқушыларға әдістемелік көмекші құрал 
дайындап ұсынуды жөн санадық. Назарбаев зияткерлік мектебінің, педагогикалық 
шеберлік орталығының мамандары және облыс мектептерінің шығармашыл мұғалімдері
әзірлеген 9-сыныпқа арналған қорытынды аттестаттау тапсырмаларының техникалық 
ерекшеліктері әрбір пән бойынша үлгі тапсырмаларын қамтиды. Ұсынылып отырған 
жинақтағы үлгі тапсырмалар мен нұсқалардың негізінде мұғалімдер өздерінің 
оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындауына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет