150 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Өріс І. Зат. 1. Ауыл маңынан шалғайлау, оты мол мал
жайылымдық жер (малдың өріп, жайылуы негіз болған).
2. Ауыс. Білім-дәрежесі, дүниетанымы. 3. Ауыс. Үрім-
бұтақ [ҚТТС]. Осы үш мағынаның негізінде өріс алды,
өрісі кеңіді, өрісі тар секілді
тұрақты сөз тіркестері
қолданысқа енген.
Өріс ІІ. зат. кәсіби. Құрылған өрмек жібінің ұзындығы.
Өрісі кең мағынасы өріс ІІ мағынасының,
яғни
жайылымның кең, ұзын болатындығы өрмек жібінің
ұзындығының атауы болып қалыптасқан. «Өрісте»
сөзінің жайылымға, өріске шығу мағынасының пайда
болуына «мал жайылымы»
мағынасының әсері
болғандығын байқаймыз. Ал ауыспалы
алға даму, алға
басу мағыналарының уәжделуіне іс-әрекеттің ұзаққа
қозғалуы мағынасы негіз болған.
Туынды сөз және оның мағынасын, құрылымын
қарастыра отырып, көз алдымызда тұрған таңбаның
қайсысы алғашқы мағыналық
байланысы бар өзге
сөздерге тәуелсіз (керісінше, екіншілік мағыналар
негізгі мағыналарға (номинацияға) тәуелді) еркін сөз
екендігін, қайсысы мағыналық-құрылымдық өзгеріске
ұшырағандығы туралы ойланған дұрыс. Себебі
біріншілік мағына мен екіншілік
мағынаны иемденген
сөздер – мүлде басқа атау, өзге сөз. Сөз мағынасы
жөнінде көп еңбектер жазған семасиолог ғалым
Д.Н.Шмелев: «Ведь если малейшее изменение в
значении
слова делает его другим словом, причем
имеется ввиду малейшие изменения не только в
лексическом, но и в
собственно грамматическом
значении, то и простое повторение слово,
несомненно
связанное с раскрытием в нем каких-то новых
семантических и грамматическоих оттенков, должно
151
рассматриваться не как повторение того же слова, а как
последовательное употребление двух однозвучных
слов», – деген пікірін ұстана отырып, Өр І, Өр ІІ, Өр ІІІ
сөздерінің мағыналары
туралы да осыны айтуымызға
болады.
Семантикалық тәсіл арқылы дамыған өрмек –
өрмек
сөзжасамдық жұбы
Өрмек зат. Алаша, басқұр, шекпен тоқу үшін екі басы
қазыққа керіліп, желісі жерге қатар тартылған, иірілген
жіптер шумағы – денотаттық мағына. Ал Өр ІІІ
мағыналы сөздің Көне түркі сөздігіндегі мағыналары
бұдан гөрі ауқымдырақ: Өр ІІ - өру. Өрілген зат, арқан,
өргүш - өрілген шаш. Өргүшлен – шашты өсіру. Өрк –
узда (өрілген жіп). Өрк ур – байлау. Өрклүг – байлаулы.
Өрме:
өрме шаш, бұрым. Өрмек – киім атауы [55, 389
б.]. Өрмек – киім атауы деген мағынасынан кейін
сөздікте жақша ішінде сұрақ белгісі қойылған. Бұл
сөздің киім атауы ретінде қалыптасуына заттың (алаша,
басқұрдың) тоқылатындығы негізінде уәжделіп, арнайы
сема пайда болған. Себебі қазіргі қазақ тілінде өрмек
сөзінің алаша, басқұр, шекпен (киім атауы) тоқу үшін
екі басы қазыққа керіліп, желісі жерге қатар тартылған,
иірілген жіптер шумағы мағынасын беретіндігін
сөздіктен көріп отырмыз [15, 578 б.]. Өрмек пен шекпен
арасындағы байланыс осылай туған.
Өрмекші – өрмекші сөзжасамдық жұбы
Өр І макросемалы сөзінің арнайы семасы ретінде Өр ІІІ
сөздің мағынасы пайда болған. Өр ІІІ. ет. Қайыс, шаш,
жіп тәрізді заттарды тарамдап алып,
айқастыра
біріктіру, қосу [ҚТТС]. Осы мағынаның негізінде қазіргі
қазақ тілінде төмендегідей мағыналар тараған:
152 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Өрмекші зат. Тор тоқып, шыбын-шіркейді аулап
қоректенетін буынаяқты жәндік – денотаттық мағына.
Өрмекші зат. Өрмек тоқушы адам – денотаттық мағына
Өрме зат. Өріп жасалған, өрілген зат – денотаттық
мағына.
Достарыңызбен бөлісу: