Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет37/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

себепші мағына деп аталатындығы А.Б. Салқынбай 
еңбектерінде анықталған. Себепші мағына бізге жаңа 
туынды уәжделген мағынаны тануға көмектеседі. Сонда 
бір-біріне пропорционал болып тұрған нәрсе жаңа 
туындыдағы жаңа мағына мен осы жаңа мағынаны 
уәждеген себепші негіз мағынасы болып есептеледі.
Сонымен, уәждеме – сөздердің жасалуындағы бірден-
бір заңдылық. Заңдылық негізінде туындаған сөздердің 
барлығы генетикалық-семантикалық кодты сақтайды. 
Генетикалық-семантикалық кодты сақтаған туынды 
сөздерді мағыналар шоғыры жалғастырып тұрады. Бір 
сөз бойындағы мағыналар шоғыры жаңа сөз жасалудың 
кепілі саналады. Сөйтіп макросемалы мағыналар 


156 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
шоғырын өн бойына жинақтаған сөз универсалды, 
феномендік құбылыс деп есептеледі. Тіліміздегі 
сөздердің өмір сүруі осылай жалғасады. 
Бізді қоршаған ортадағы заттардаң барлығын таңба деп 
санасақ, олардың барлығы дерлік тілде көрініс табады. 
Осы таңбалар сөздің алғашқы уәжі болады. Таңба 
ойлаудың нәтижесінде тілге сөз боп оралады. Сөз пайда 
болмастан бұрын таңбаға лайық белгілер адам 
санасында жинақталып, қабылдау, түйсіну, сезіну 
секілді түрлі процестерден, кезеңдерден өтіп барып, 
сөзге айналады. Бірақ белгілі бір таңбаны көргенде 
оның өзіне лайық формасы мен мазмұны бір мезгілде 
генетикалық тұрғыда пайда болады, яғни зат пен оған 
тән белгілер адам санасында түйісіп, жарқ етіп бір 
мезгілде көрініс табады. Сондықтан адамда бірінші 
мына белгісін, екінші мына белгісін таңдау деген ой 
болмайды. Бұл таңбаның алғашқы уәжделу деңгейін 
көрсетеді. Ондай ой ақылға салып, тарзылағаннан кейін 
пайда болуы мүмкін. Мазмұн мен форманың бірлігі осы 
жерден келіп шығады.
Уәждемелік қатынас жүрген сөздердің арасында 
уәждеуші сөздің мағынасымен қатар жаңа уәжделген 
сөздің семасы бірге жүреді. Уәжделген сөзге негіз, 
себеп болған сөз – уәждеуші бірлік деп аталады. Сөздік 
құрамда семантикалық тұрғыдан тура уәжделу негізінде 
жасалған, 
түбірлері 
сәйкес 
келетін, 
өздерінің 
бойларында мынадай белгілер жинақталған уәжделген 
сөздерді қарастыра аламыз:
– уәждеуші сөз тек толық мағынаға ие болған кезде 
ғана өзге сөзді уәждей алады;


157
– оның мағынасы өзге уәжделген сөзге негіз болады
екеуінің мағыналары арасында айырмашылық болады, 
дегенмен ортақ сема сақталады. Оны біз генетикалық-
семантикалық код арқылы айыра аламыз. Уәжделген 
мағынаны тану үшін біз уәжделген сөзден екі 
компонентті бөліп алып қарастырамыз. Біріншісі – 
уәждеуші мағынаны, екіншісі – уәжделуші мағынаны. 
Себебі олардың өн бойында екі компоненттің де 
белгілері болады.
Семантикалық уәждемеде мағынаның дамуы арқылы 
жаңа 
номинация пайда болса, 
морфологиялық 
уәждемеде сөзге сөз тудырушы тұлғалардың жалғануы 
арқылы сөз жасалады, ал фонетикалық уәжделуді 
еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздердің уәжделуі 
деп танимыз. Шындығында, тілдегі сөздердің барлығы 
дыбыстан түратын болғандықтан, кез келген сөздің 
(мейлі ол еліктеуіш немесе бейнелеуіш сөз болсын) 
белгілі бір таңба негізінде уәжделгені айқын құбылыс. 
Осыны ескере отырып, біз бұл бөлімімізде сөздердің 
фонетикалық өзгерісімен қатар мағынасы да өзгереді. 
Өзге уәжделулер секілді фонетика-семантикалық 
уәждеме де тілдің даму тарихынан орын алады.
Сөздердің уәжделуінің осындай типтерінің негізінде 
тілдегі уәждеме құбылысын зерттеген ғалым О.И. 
Блинова уәжділіктің ерекшеліктерін ескере отырып, 
тілдік және тілдік емес таңбалардың уәжделу тәсіліне 
орай қатыстық және абсолюттік уәжделу секілді 
типтерін анықтайды. 
Қатыстық уәждемеде сөз өзінің уәжделуіне негіз болған 
сөздің мағынасына қатысты болады. Мысалы тіл сөзін 
алып қарастырып көрейік: 


158 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
І Тіл. зат. 1. Жан-жануарлардың дәм сезетін, 
адамдардың сөйлеу дыбыстарын шығаратын ауыз 
қуысындағы негізгі мүше. 2. Сағат тілі. 
ІІ. Тіл. зат. 1. Адамдардың қоғамдық өмірде бірін-бірі 
түсінісіп, пікір алысар қатынас құралы болып 
табылатын дыбыстық және сөз құрамдары мен 
грамматикалық тәсілдер жүйесі. 2. Айтпақ ойды 
білдіретін сөз. 3. Ана тілінің заңдылықтарын, ереже-
қағидаларын оқытатын пән. 
ІІІ.Тіл. ет. Жіңішке етіп кесу, осып түсу, жарып жіберу.
ІҮ заттық – жаудан тіл әкелу мағынасы сөздікке енбей 
қалған.
Осындағы  тіл өзінің алғашқы мағынасы адамдардың, 
жан-жануарлардың тілі мағынасы алғашқы да, қалған 
мағыналары туынды, қатыстық мағыналары деп
тануымызға негіз бар. Себебі сөздікте берілген қалған 
мағыналары алғашқы мағынаның қатысы негізінде 
жасалып тұр. Абсолютті уәжделу – табиғаттағы түрлі 
заттардың шығарған дыбысының нәтижесінде тікелей 
уәжделіп, 
абсолюттік, 
нақтылық 
мағынаға 
ие 
болатындықтан, қатыстық уәжделуден айырмашылығы 
байқалады. Мысалы, ғақ-ғақ (қаздың қаңқылы), қарқ-
қарқ 
(қарғаның 
қарқылы), 
мияу 
(мысықтың 
мияулағаны), арп-арп (иттің арпылы) т.б. Қазіргі тіліміз 
алғашқы дыбыстық, еліктеуіштік тілден ауысқанымен, 
абсолютті 
уәжделу 
осы 
күнге 
дейін 
өзінің 
маңыздылығын жоғалтпаған. Себебі тілдің дәл қазіргі 
даму күйін сипаттай отырып, алғашқы бастауына, 
қайнар көзіне соқпай өте алмаймыз. Абсолютті 
уәждеме типі бойынша пайда болған сөздердің негізінде 
туындаған сөздерді қатыстық уәждеме типі бойынша 
талдау қажет деп есептейміз. Өйткені ол алғашында 


159
абсолютті түрде пайда болғанымен, келе-келе абсолютті 
мағынаның негізінде уәжделіп, қатыстық мәнге ие 
болады. Мысалы, арп+ыл, қарқ+ыл, тық+ыл, сарт+ыл, 
жарқ+ыл т.б. 
Ғалым Б.Қасым тіл біліміндегі уәждеме теориясының 
орнын, туынды сөздің семантикасындағы уәжділік 
қызметін, күрделі атаулардың уәжденуін, уәждеме 
нәтижесі – аталым бірліктерін зерттей отырып, тілдік 
деректердің атаулық қасиетін екшеп, саралап, олардың 
даралануына байланысты уәжділік дәрежелерін жіктеп 
береді: 
тура уәжделік; 
жартылай уәжделік; 
көмескі (жасырын) уәжділік. 
Қазақ тіл білімінде А.Б.Салқынбайдың «Тарихи 
сөзжасам 
(семантикалық 
аспект)» 
еңбегінде 
сөзжасамдық заңдылықтар: мотивация, аналогия
ассоциация, және абстракция туралы айтылған. Осыны 
ескере отырып, уәжделу типтерінің түрлерін өзге 
типтердің бөлінісі негізінде төмендегідей қайта құруға 
болады. 


160 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
1-кесте – Сөздердің уәжделу типтері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет