88
бұл мақсатты үдеріс болып табылады. Бұл үдерісте шешуші рөлді оқыту
әдістемесі атқарады, өйткені оқыту әдістемесі педагогикалық үдерісті
басқарылатын, тиімді және нәтижелі ететін барлық қажетті құрамдарды (оқыту
мақсаттары, оқыту мазмұны, оқыту формалары мен құралдары және т.б.)
қамтиды. Оқыту әдістемесі ашықтыққа, икемділікке және түзетулерге ие болуы
тиіс, бұл оған дамушы сипат беруге мүмкіндік береді. Болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту әдістемесі тек нақты
берілген алгоритм, өнімділікті арттыру құралы ретінде ғана емес, сонымен
қатар мәдениетті дамыту құралы ретінде де, оның ішінде коммуникативтік
құрал ретінде де әрекет етеді. Бұл әдістемес тек оқыту саласымен шектелмейді,
сондай-ақ білім беру, дамыту, тәрбиелеу үдерістерімен байланысты.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріні коммуникативтік мәдениетін
дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде оқытудың практикалық
бағытын күшейту, олардың теориялық және практикалық дайындығын
кіріктіру. Біз болашақ ағылшын тілі мұғалімінің коммуникативтік мәдениетінің
дамуына барынша ықпал ететінін және оқытудың белсенді әдістері арқылы іске
асырылатынын анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: