Абдрахманова м. Б



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата26.05.2022
өлшемі1 Mb.
#35663
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 2 слайд

THREAD КЛАСЫ

Көпағынды өңдеу жүйесі орындау Thread класына негізделеді, бұл класс атқару ағынын
инкапсулациялайды. Бұл класты мұралау мүмкіндігі жоқ. Класс құрамында ағындарды
басқаруға арналған әдістер мен қасиеттер анықталған.

Ағынды құру үшін Thread типті объектінің экземплярын алу жеткілікті. Thread класы
конструкторының формасы:

public Thread (ThreadStart іске_қосу)

мұнда іске_қосу - ағынды атқаруды бастау мақсатында шақырылатын әдістің аты, ал
ThreadStart - .NET Framework ортасында анықталған делегат.

public delegate void ThreadStart()


THREAD КЛАСЫ (МЫСАЛ 1)

Жаңадан құрылған ағынның атқарылуы оның Start() әдісі шақырылғанға дейін 
басталмайды. Start() әдісі Thread класында анықталған. Бұл әдісті жариялаудың 2 
формасы бар.

public void Start()

Атқарылып бастаған ағын іске_қосу арқылы көрсетілген әдістен қайту орындалғанша 
жалғасады. Атқарылуы басталып қойған ағынға Start() әдісін шақыруға тырыссаңыз, 
ThreadStateException аластамасы туындайды.


SLEEP() ӘДІСІ

Sleep() статикалық әдісі қай ағын құрамынан шақырылса, сол ағынның
жұмысын миллисекундпен көрсетілген уақыт мөлшеріне тоқтатады. Бір ағын
жұмысы тоқтатылған кезде басқа ағын жұмысын жалғастыра алады.

public static void Sleep(int миллисекундпен_бөгелу)

Егер бөгелу уақыты 0 миллисекунд болса, онда шақырушы ағын өз кезегін күтіп
тұрған басқа ағынның жұмыс атқаруына мүмкіндік беру үшін ғана бөгеледі.

Көпағындық программалауда программаның жұмысын негізгі ағын аяқтау
ережесі қабылданған. Бұл ережені ұстану міндетті болмағанымен, осы арқылы
программаның ақырғы нүктесін айқын белгілеуге болады.


КӨПАҒЫНДЫҚ ПРОГРАММАНЫ ЖЕТІЛДІРУ (МЫСАЛ 2)

Ағын құрылғаннан кейін бірден атқарылуын бастау: жұмыс істеп отырған класс
конструкторында Thread типті объект экземплярын алу;

Ағын атын бейнелеу үшін Thread класының Name қасиетін пайдалану:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет