Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет63/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84
Байланысты:
aefc7ac18e9a228b86d72ab2b0bffea3

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
98
ِ َّللها لوسر ِة َلا َص ىلإ َّنَرُظْنَ َل تلق لاق هربخأ ٍرْجُح نب َلِئاَو َّنأ
نم ِنْيَتَنْثا َضَبَق َّمُث.... هيلإ ُتْرَظَنَف يِّل َصُي َفْيَك ملسو هيلع للها ىلص 
اهب وُع ْدَي اَهُكِّرَحُي ُهُتْيَأَرَف ُهَعَب ْصِإ َعَفَر َّمُث ًةَقْلَح َقَّلَحَو ِهِعِبا َصَأ
Уайл ибн Хужрдан риуаят етілді. Ол былай деді: 
«Алла елшісінің қалай намаз оқитынын көргім келді. 
Сөйтіп, ол кісінің былай оқығанын көрдім... Сосын 
бас бармақ пен ортаңғы теректі біріктіріп, дөңгелек 
пішінге келтірді. 
Одан кейін сұқ саусағын көтерді де ұдайы қимыл-
датып, дұға ете бастағанын байқадым»
198
.
Біріншіден, Уайл ибн Хужрдан риуаят етілген бұл 
хадистің мәтініне «қимылдататын еді» деген етістіктің 
артынан қолданылғанын ескерейік. Себебі, Уайл 
ибн Хужрдан риуаят етілген бұл хадисті оннан аса 
хадис ілімінің хафиздары риуаят еткен кезде «ишарат 
етеді» деген сөзбен ғана шектелген. Ешқайсысында 
«қимылдататын еді» делінбеген. Ал, хадис ілімінде 
белгілі бір хадисшінің жеткізген риуаяты өзінен де 
сенімді басқа хадисшінің жеткізген риуаятына қайшы 
келіп жатса, онда ол хадис «шәзз» болып есептеледі. Ал, 
хадистің сахих болуы үшін оның «шәзз» болмауы шарт. 
Бұған қоса, Абдулла ибн Зубайрдан риуаят етілген сахих 
хадисте саусақтың үздіксіз қимылдатылмайтындығы 
анық білдірілген. Сондай-ақ, Мүслімдегі хадисте де 
198
Ахмет ибн Шаъб Әбу Әбдірахман ән-Насаий, Сунану ән-Насааийл-
кубра, 1-том, 310-бет. «Дарул-кутубил-ъилмия» баспасы, Бәйрут, 1994 ж.


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
99
сұқ саусақты қимылдату жөнінде айтылмаған. Хафиз 
Әбу Бәкір ибн Хузайма «қимылдататын еді» деген 
сөздің артық екендігін анық айтады. Ол өзінің «әс-
Сахих» еңбегінде: «Бұл риуаяттан басқа ешбір риуаятта 
(қимылдататын еді) дегені айтылмаған. Осы риуаятта 
ғана артық айтылған» деген. 
Ал, енді жоғарыдағы дәлел ретінде келтіріліп 
отырған хадистегі «саусағын қимылдататын еді» деген 
сөзді «артық», «шәзз», деп, қабылдамағанның өзінде оны
Абдуллаһ ибн Зубайрдың «үздіксіз қимылдатпайтын 
еді» деген хадисімен тігісін жатқызып, бір-біріне 
қайшы келмейтіндей етіп түсіндіруге де болады. Яғни, 
«сұқ саусағын қимылдататын еді» дегенде оны үздіксіз 
қимылдату тұрғысынан емес, саусақты жоғары көтеріп, 
ишарат ету, деп, түсіну керек. Себебі, бір рет жоғары 
көтерудің өзі қимылдатуға жатады. Сонда Мүслімдегі 
және басқа да хадистердегі «саусағын көтеріп, ишарат 
ететін» еді деген хадистерге қайшы келмейді. Бұл 
жайлы Имам әл-Бәйһақи былай дейді: 
«Уайл ибн Хужрдың риуаятындағы «қимылдататын 
еді» деген тіркестің мағынасы үздіксіз қимылдатуды 
емес, саусақты бір рет көтеріп, (Алланың бір 
екендігіне) ишарат етуді білдіруі ықтимал. Осылай 
түсінген жағдайда бұл риуаят Абдуллаһ ибн Зубайрдың 
«қимылдатпайтын еді» деген риуаятына сәйкес 
келеді»
199
.
199
Әбу Бәкір Ахмет ибнул-Хұсейн ибн Әлі ибн Мұса әл-Бәйһақи, әс-
Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 131-бет. «Дәрул-Баз», Мекке, 1994 ж. 
2-том, 131-бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет