10
бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық
құралдармен (тифло-, сурдо-және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және
мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы
орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді.
4. Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету:
- қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері
бар тұлғаларға қоғамның толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыруды,
сондай-ақ балалар құқығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті
атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ;
-
әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші
құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары,
қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзету-
педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс
мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандырудың техникалық-экономикалық
негізін әзірлеуді көздейді;
5. Жүзеге асырудың негізгі шарттары:
-
нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру;
-
ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа
да ресурстардың шоғырлануы;
-
әлеуметтік-педагогикалық шарттарды құру;
-
ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби
бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;
-
балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере
отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды
қамтамасыз ететін интерактивті оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: