Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет26/62
Дата04.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#36334
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Байланысты:
mat005

Қамқорлық сақтық-педагогикалық тәртібі 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға қатысты қамқорлық 
сақтық педагогикалық тәртіпті ұйымдастыру қажеттілігі олардың орталық 
жүйке жүйесінің жетілуі мен қызмет етуінің кемістігі, сонымен қоса 
соматикалық әлсіздігімен байланысты. Соның салдарынан оқушылар дене 
қызметі мен ойлау жүйесіне күш түсуінен тез шаршап әлсірейді. Ал ол 
балалардың соматикалық саулығы мен оқу қәрекетінің нәтижесіне кері әсер 
етеді. Қамқорлық сақтық-педагогикалық тәртібіне келесідей факторлармен 
жетеді: 
- сыныптың аз толымдылығы; 

оқушының барлық мектеп қауымдастығын қабылдауының 
психологиялық жайлы ортасын қалыптастыру; 
- оқушымен жеке және топтық оқу іс-әрекетінде жетістіктерін 
қамтамасыз ету;
- эмоционалды олқылық, психофизикалық жүктеменің алдын алу; 
- психологпен арнайы релаксациалық, психотерапиялық сабақтар; 
- әр сабақ барысында (20-25 минутта) емдеу-түзету іс-шараларымен 5 
минуттық динамикалық үзілістер өткізу; ауысым арасында (әр сабақ арасында 
10 минуттан кем емес және үшінші сабақтан кейін 20 минуттық үзіліс); 
-оқушылардың жұмысқа қабілеті мен қабылдау ерекшеліктерін есепке 
ала отырып, сынып бөлмелерін ерекше безендіру. 
 
Ата-аналарды білім беру процесіне кірістіру 
Жалпы білім беретін мектептердің педагогтары ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар балалардың ата-аналары өз балаларының нашар білім алу 
мүмкіндіктеріне байланысты белгілі бір қобалжулар болатынын есепке алуы 
керек. Ол мұғаліммен, тіпті дені сау оқушылардың ата-аналарымен қарым-
қатынасқа түсуден қашатынынан көрініс табады. Осы орайда ерекше 
қажеттілігі бар балалардың отбасы мүшелері оның ерекшеліктері туралы 
басқалардан қарағанда жақсы біледі және олар мұғалімге өте жақсы кеңес 
бере алады. Көптеген ата-аналар баласының дамуында өздері қатысқысы 
келеді, және бұл ұмтылыс мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан 
қолдау табу керек. Мектеп пен отбасы әрекеттестігін жетілдіру серіктестіктің 


56 
жаңа ұстанымдары қағидасына негізделуі керек. Ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар балаларды дамытуда әр тарап өзіне белгілі бір деңгейдегі 
жауапкершілікті алуы керек. Ата-аналар мен педагогтар әріптестігі келесі 
қағидаларға негізделуі керек:
- серіктестерді мойындау және құрметтеу; 
- ақпараттармен және іскерліктерімен бөлісу; 
- шешімдерді қабылдауға қатысу; 
- баланың даралығын мойындау.
Ата-аналар мен отбасы мүшелерін балаларына педагогтармен, 
құрбыларымен байланыс орнатуда көмек беру мақсатында сыныптың 
қоғамдық өміріне жұмылдыру маңызды. Ол үшін: 
- баласының даму барысы мен оқу жағдайын білуі үшін ата-аналар 
мұғалімдермен жиі кездесуі керек; 
- жеке психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламаларын жасауға 
ата-аналар қатысуы керек
- мұғалімдер оқушының оқу мен тәрбиедегі жетістіктерін белгілеп 
отыратын Жеке даму картасын жүргізуі және картаның мазмұнымен ата-
аналарын таныстырып отыру керек; 
-оқу мен тәрбиенің жеке бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері мен 
жауапкершіліктерінің белгілі бөлігін ата-аналар өз мойындарына алуы керек; 
-әр тоқсан аяғында ата-аналар өз балаларының оқудағы жетістіктері 
туралы есеп алуы керек; 
- ата-аналардың баласын оқыту әдіс-тәсілдерімен танысу мақсатында 
мектептегі балаларына келіп, сабағына қатысуға құқықтары бар. 
- ата-аналар мектеп іс-шараларына шақырылып, мүмкіндігінше 
мектептің шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатыстырылуы керек; 
- ата-аналар баласының үй тапсырмаларын орындауға көмектесуі керек; 
- мұғалімдер мен ата-аналар оқушының мектептегі әрекеті және оның 
үйде оқуы туралы ақпаратпен алмасуы қажет; 
- ата-аналар өз баласының мектептен тыс әрекетін, спортпен 
шұғылдануын, үйірмелерге қатысуын ұйымдастыруы керек;
- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ата-аналарын 
мектептік ата-аналар комитетінің жұмысына қатыстыру керек; 
- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін 
мұғалімдер немесе психологтар, арнайы педагог-координаторлар ата-аналарға 
өз балаларына білім беруде көмек көрсету бойынша оқыту семинарларын, 
тәжірибелік тренингтер өткізу керек;
- ата-аналар мұғалімдерге арналып ұйымдастырылған семинарлар мен 
тренингтерге қатыса алады
- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ата-аналары бір-
бірінен үйренетін, жалпы білім беретін мектепте олардың балаларын оқыту 
мен енгізу тәжірибелерімен алмасуға болатын жергілікті ассоциацияны құра 
алады; 


57 
- мұғалімдер баланың туыстар ортасында қалай өзін өзі ұстайтынын 
білу үшін үйіне барып көру отбасын керек; 
- екі тараптың (мұғалім мен ата-ана) өзіне алған нақты міндеттері екі 
тарапты да тәртіптейтін жазбаша келісім-шартта тіркеліп, қол қойылып 
бекітілуі мүмкін.
 
Педагогтердің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар сапалы білім алуға құқығы 
бар. «Егер баланың әлеуетті даму аймағына бағдарланған операционалды 
қойылған мақсаттар оқушы алған білім нәтижелеріне сәйкес келсе, онда ол 
сапалы болып танылады» [12]. Яғни, ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
оқушылармен күнделікті жұмыс істейтін мұғалім тек педагогика мен әдістеме 
саласында ғана емес, жас ерекшелігі мен педагогикалық психология туралы, 
оқушы әрекетін бақылай алу, оның жақын арадағы даму аймағын анықтау 
біліміне ие болуы керек. Осы орайда, педагогқа оқушылармен кері 
байланысты орнатуға мүмкіндік беретін интербелсенді оқыту әдістері 
көмектеседі.
Инклюзивті, яғни шеттемейтін білім беру идеяларын жүзеге асыру үшін 
педагог арнайы кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы/меңгеруі тиіс. Ямбург 
Е.А., Забрамная С.Д. келесілерді жатқызады: 
1. Әр түрлі балаларды, олардың шынайы оқу мүмкіндіктеріне, тәртіп 
ерекшеліктеріне, психикалық және денсаулығының жағдайына тәуелсіз 
қабылдауға дайын болу.
2. Дарынды, қалыпты, дамуында ерекшеліктері бар кез келген балаға 
көмек көрсету кәсіби ұстанымы... 
3. Педагогикалық бақылау жүргізу іскерлігі... 
4. Бақылау барысында балалардың даму ерекшеліктерімен байланысты 
әр түрлі қиындықтарды анықтау қабілеті... 
5. Педагогикалық тәсілдермен балаға атаулы көмек көрсету қабілеті... 
6. Психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысы аясында басқа 
мамандармен өзара әрекеттесуге дайын болу... 
7. Мамандардың құжаттарын түсіне білу... 
8. Басқа мамандармен баланы дамытудың жеке бағдарламасын жасай 
алу іскерлігі... 
9. Түзете-дамыту жұмысының арнайы әдістерін меңгеру... 
10. Баланың даму динамикасын қадағалау іскерлігі... 
11. Балалар ұжымында қабылданбай жүргендерді қорғай алу біліктілігі. 
12. Ұжымда балалар арасындағы қарым-қатынасты реттеу қабілеті. 
13. Бала дамуы мен оны оқыту процесінде туындайтын қиындықтарды 
шешуде ата-анамен өзара әрекеттесе алу іскерлігі.» [13] 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-
педагогтік қолдауды арнайы жоғары білімі бар мамандар (психолог, логопед, 
мұғалім-дефектолог) жүзеге асыру керек. Есту қабілеті бұзылған 
оқушылармен арнайы түзету сабақтарын сурдопедагог, көру қабілеті 


58 
бұзылған оқушылармен – тифлопедагог, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары 
бар оқушылармен – логопед, психикалық дамуы тежелген және ақыл-ой 
кемістігі бар оқушылармен – олигофренопедагог, тірек-қозғалыс аппараты 
бұзылған оқушылармен ЕДШ нұсқаушысы жүргізуі тиіс. Барлық санаттағы 
оқушылар логопед пен арнайы психологтың көмегін қажет етеді. 
Жалпы білім беретін мектептегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балаларға арналған арнайы сыныптарда сол сыныптың бағыты бойынша 
жоғары дефектологиялық білімі бар педагогтар және де курстық даярлықтан 
өткен тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істеуі керек. Білім беру ұйымдарының 
басшылары мен педагогикалық қызметкерлерін аттестаттауды жүргізуде 
педагогтардың арнайы білімі ерекше есепке алынуы қажет. Арнайы сыныптар 
мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қосылған жалпы сыныптың 
педагогтары өздерінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіруге міндетті.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мұғалімнен өзінің 
кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыра отырып, бір-бірімен байланысты 
салалардың білімін тез меңгеруді талап етеді. Себебі, ерекше білім беруге 
қажеттіліктерді қанағаттандыру мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігін 
қарастырады. Педагогикалық міндеттерді айқын түсіну мұғалімге 
балалардағы қиындықтарды ғана емес, сондай-ақ өзінің кәсіби ісіндегі 
қиындықтарды нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытатын педагог 
бастамашыл, қайратты, ізгі ниетті және әдепті болуы керек. Оған қазіргі 
замандағы адамның, оның ішінде өмірлік әрекеті шектелген адамның рөлін 
гуманистік бағалау тән.
Педагогтің практикалық әрекеті денсаулық жағдайына кері әсер ететін 
кәсіби зияндылығы бар мамандықтар қатарына жатады. Осыған байланысты, 
денсаулығында ауытқуы бар адамдар үшін берілген еңбек түрінің кері 
көрсеткіштері бар. Арнайы педагогтың еңбегі көру, есту, жүйке, жүрек-қан 
тамыр және иммундық жүйелердің денсаулық жағдайына жоғары талаптар 
қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет