36
5.
Құндылықтарды дарыту
Әл Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»
деген сөздері өскелең жас ұрпақты оқып, үйретудің негізгі қағидасы
деп түсінген жөн. Сол себепті де оқу процесін ұйымдастыруда басты
назарды танымдық мазмұнмен бірге адами, рухани құндылықтарды
қалыптастыруға аудару – заманауи білім беру жүйесінің басты
ұстанымдарының бірі болып табылады.
6. Пәнаралық байланыстар
Әдетте мұғалімдер мұнда жай ғана пән атауын көрсетіп қана
қояды. Бұл жеткіліксіз, тек пәндерді көрсету аздық етеді. Сондықтан
да ҚМЖ-ның бұл бөлімінде сабақтағы кіріктірілудің қандай
пәндермен жүзеге асырылатынын ғана көрсетпей, ондай байланысты
ортақ тақырыптың мазмұны арқылы көрсеткен орынды.
7.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Бұл жерде оқушылардың сабақта қандай АКТ дағдыларын
дамыта алатындығын көрсету керек.
8.Ресурстар.
Бұл жерде сабақта қолданатын кеңсе тауарларын (қағаз,
флипчарт, маркерлер, желім, скотч, қайшы, т.б.) көрсетпей, мазмұндық
материалдарды (контент) келтірген дұрыс. Олардың қатарына сабақ
мақсатына жетуге көмектесетін сабақта қарастырылатын басқа да
дерек көздері, мәтіндерді (мәселен, оқулықтағы параграф), интернетте
ұсынылған материалдарды, видеокөрсетілімдер, слайдтар және басқа
да ақпарат көздерін жатқызуға болады. Оқулық - құрал. Және де көп
құралдың бірі ғана.
9.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
Кез келген жаңа тақырып таныс ұғымдар арқылы меңгеріледі.
Бұл бөлімде оқушылардың тақырып бойынша бұрыннан не білетіндігі
(немесе бұрыннан не білуі керектігі) көрсетіледі (негізгі ұғымдар,
деректер, фактілер, формулалар, теориялар, ережелер). Бұл жерде
бағдарлама бойынша оқылған алдыңғы тақырып жазылмайды. Мұнда
сабақ тақырыбы бойынша өткен оқу жылы қарастырылған
оқушылардың білуге қажетті деректер келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: