Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттілігін бағалау



Pdf көрінісі
бет15/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   244
Білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттілігін бағалау 
ерекшеліктері 
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту аясында білім алушылардың жетістіктерін 
бағалаудың келесі ерекшеліктері бар: 
1. Пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері пәнді оқыту 
мақсаттары жүйесіне сәйкес бағалау критерийлері негізінде қалыптастырушы 
және жиынтық бағалау барысында бағаланады. 
2. Тілдік дағдылар жиынтық бағалау кезінде бағаланбайды, бірақ мұғалім 
тілдік дағдылардың даму барысын бақылап, пәнді оқу кезінде қалыптастырушы 
бағалау үдерісінде көмектеседі, қолдайды, бағалайды. 
3. Пәндік және тілдік құзыреттіліктерді кешенді түрде бағалауды жүргізу 
үшін шетел (ағылшын) тілінде оқытылатын пәндерге қатысты пән мазмұны мен 
тілдік ерекшеліктерге сәйкес тіл пәндері мұғалімдерімен бірлесіп 
дескрипторлар әзірлеу қажет.
Әрбір мектеп өзіндік ресурстық базасын дамыту үшін ЖМБ пәндерін 
ағылшын тілінде оқыту бойынша тапсырмалар, жаттығулар, мәтіндер, бағалау 
жұмыстарының электронды «Банкін» жинай алады.
2019-
2020 оқу жылында мұғалімдер ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде 
оқыту үшін желілік кәсіби қауымдастықтарға тіркеліп, сандық платформаларды 
пайдалана алады: 
1. 
https://www.khanacademy.org/
 
2. 
https://bilimland.kz
 
3. 
https://www.stem.org.uk/
 
4. 
https://www.pinterest.com/
 
Назар аударыңыздар! 


20 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және 
оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 
жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 317 
бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру 
ұйымдары басшыларының бұйрығымен бір оқу жылына сайланады және 
бекітіледі.
Педагогикалық кеңес:
• 
оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;
• 
жұмыс оқу жоспарларын бекіту; 
• 
білім беру қызметтерінің сапасы; 
• 
инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім 
алушылардың 
(тәрбиеленушілердің) 
үлгерімдері 
мен 
психология-
педагогикалық ерекшеліктері туралы мәліметтер негізінде білім алушылардың 
(тәрбиеленушілердің) жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие 
және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу; 
• 
білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу, 
оларды емтихандарға жіберу, білім алушыларды ұсынылған құжаттар негізінде 
емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа көшіру немесе 
оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мадақтау 
қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік аяқтағаны, негізгі орта 
білімді аяқтағаны, жалпы орта білім беруді үздік аяқтағаны, жалпы орта білім 
беру жөнінде аттестаттар, белгіленген үлгідегі анықтамалар беру туралы шешім 
қабылдау;
• 
оқу жүктемелерін бөлу, педагогтерді аттестаттауға, марапаттауға және 
көтермелеуге дайындау; 
• 10-
11 сыныптарда «Химия», «Физика», «Биология» және 
«Информатика» оқу пәндері бойынша білім беру ұйымының ағылшын тіліне 
оқуға көшуі; 
• 
экстернаттық оқыту түрінде білім алушыларды аралық және 
қорытынды аттестаттауға жіберу, өткізу; 
• 
зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық 
конкурстарға қатысатын білім алушыларға арнап жеке жұмыстар ұйымдастыру; 
• 
сабақ кестелерін келісу; 
• 
білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және 
мектепті бітіруі; 
• 
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) эмоционалдық-еркін және 
тұлғалық дамуын зерттеу сияқты мәселелерді қарастырады. 
Қазіргі таңда педагогикалық кеңестерге жүктемесі төмендетілген ҮОЖ 
таңдауда, топтарға бөлу мәселелері, жоғары сыныптарда физика, химия, 
биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту және білім беру 
ұйымдары қызметінің басқа да мәселелері бойынша өздігінен шешім 


21 
қабылдауға мүмкіндік беретін академиялық еркіндік беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет