Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет235/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   244
Мазмұнды компонент келесі іс-шараларды қамтиды: 

педагогикалық тәжірибелерді жүйелеу; 

жұмыстың тиімді формаларының деректер жинағын құру, 

оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін тарату; 

қазіргі педагогикалық әдебиеттерді талдау; 

ақпараттық-библиографиялық жұмысты жүргізу; 

әдістемелік басылымдарды әзірлеуді ұйымдастыру; 

оқу-әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру; 

видеотекалар, медиатекалар құру. 
Әдістемелік қызметтің операциялық-іс-әрекет компоненті барлық білім 


416 
беру саясатын тікелей жүзеге асырумен сипатталады: 

ғылыми қауымдастықпен өзара іс-әрекет; 

тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; 

оқу-әдістемелік материалдардыц сараптау; 

оқу-әдістемелік және сараптамалық кеңестердің, шығармашылық 
топтардың қызметін үйлестіру; 

мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет. 
Мұнда әдістемелік қызметтің түрлі формалары: сабақтарды талдау, 
педагогикалық шеберлік мектебі, педагогикалық оқулар, мастер-класстар, 
кәсіби шеберлік байқаулар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар 
өзекті болып отыр. 
Әдістемелік қызметтің бағалау компоненті оқушылардың функционалдық 
сауаттылығының деңгейін және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін 
айқындаумен сипатталады және педагогтер қызметінің мониторингін, 
оқушылардың білім жетістігінің мониторнигін өткізуге бағытталған.
Әдістемелік қызметті басқарушылар (директордың ғылыми-әдістемелік, 
бағдарламалық-әдістемелік 
және 
оқу-тәрбие 
қызметі 
жөніндегі 
орынбасарлары), қызмет бағыттары бойынша әдіскерлер, құрылымдық 
бөлімшелердің меңгерушілері, педагогтар, ғалымдар кіретін мамандар тобы 
жүзеге асырады.
Педагогтердің біліктілігін арттыру процесін жоспарлау бойынша 
әдістемелік кабинеттер қызметінің келесі бағыттары қамтылуы тиіс: 

педагогикалық қызметті жетілдіру (педагогқа балаларды оқыту мен 
тәрбиелеуде ұйымдастырушылық-әдістемелік және техникалық көмек көрсету); 

пән мұғалімдері ассоциацияларының қызметін үйлестіру; 

білім беру ұйымының практикасына ғылыми зерттеулер мен озық 
педагогикалық тәжірибе жетістіктерін енгізу, педагогтың ғылыми және 
теориялық құзіреттілігіне ерекше назар аудару; 

білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 
бойынша жұмысты ұйымдастыру; 

әдістемелік бірлестіктердің, кафедралардың, зертханалардың және 
педагогтердің шығармашылық топтарының жұмысына басшылық жасау; 

педагог қызметкерлерді педагогикалық ғылым мен тәжірибенің 
жетістіктерімен таныстыру; 

педагогтердің кәсіби дайындық деңгейін, олардың кәсіби қажеттіліктері 
мен мәселелерін зерттеу. 
Инновациялық қызмет саласындағы консалтинг бойынша әдістемелік 
кабинеттер/орталықтар мынадай іс-шараларды жүргізе алады: 

жаңартылған білім мазмұнының негізгі үрдістері бойынша кеңес беру; 

педагог-жаңашылдармен өзара іс-қимыл және сабақ өткізуге әдістемелік 
көмек; 

білім беру ұйымдарына көмек көрсету (мектептерге, балабақшаларға, 
тұрғылықты жері бойынша клубтарғажәне т.б.); 

үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдерге ұйымдастыру-әдістемелік 
көмек көрсету;


417 

біліктілікті арттыру институттарымен үздіксіз байланысты жүзеге асыру. 
Педагогикалық тәжірибені жүйелеу және тиімді жұмыс нысандарының 
деректер жинағын құру бойынша әдістемелік қызметтің мазмұнды компоненті 
келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 

оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жасау (бағдарламалар, 
құралдар, ережелер, тезистер, дәріс мәтіндері, әңгімелер, жоспарларжәне 
семинар өткізу бойынша ұсынымдалар, оқу ойындары, серуендер, оқытудың 
белсенді формалары және т.б.);
қандай да бір нақты оң педагогикалық тәжірибені терең зерделеу және одан 
әрі жоғары кәсіби әдіскер тәжірибесін жүйелі сипаттау, анықтау, таңдау, 
зерделеу, жинақтау және қалыптастыру;
тәжірибе жағдайын зерттеу және талдау, педагогтарда шығармашылық 
ізденуде туындайтын жаңа үрдістерді анықтау, ғылым ұсынымдарының 
тиімділігі мен қол жетімділігін зерттеу;
педагогикалық тәжірибені түсіну, негіздеу, талдау және жалпылама жүйелі 
сипаттау; 
Педагогикалық тәжірибені тарату үшін таңдау критерийлерін 
әзірлеу(бірнеше жыл бойы білім беру және тәрбие қызметіндегі жоғары және 
тұрақты нәтижелер); педагогикалық қызметтің өзектілігі мен әлеуметтік 
маңыздылығы (оқу-тәрбие міндеттерін шешуде және мақсатына жетуде, 
педагогикалық, әдістемелік және басқару қызметінің мазмұнында); білім беру 
процесінде денсаулық сақтау жүйелерін есепке алу; педагогикалық 
тәжірибенің ғылыми негіздері (педагогикалық эксперимент жүргізілген, 
педагогикалық тәжірибе жасалған ғылыми тұжырымдамалар, теориялар, 
ережелер, әдістемелер); педагогикалық тәжірибенің жаңашылдығы (жаңа 
мазмұны, формалары, педагогикалық технологиялар); белгілі ғылыми әдістер 
мен оң педагогикалық тәжірибені табысты қолдану; педагогикалық, 
әдістемелік, басқару еңбегінің жекелеген жақтарын ұтымды ету; жаңа 
педагогикалық жағдайларда оң педагогикалық тәжірибені модификациялау 
элементтерімен жаңғырту. Әртүрлі семинарлар, кеңестер, конференциялар, 
байқаулар, диспуттар және т.б. өткізу.
Әдістемелік кабинет қызметінің мазмұны даму міндеттеріне және 
жоспарланған жаңашылдықтардың сипатына сәйкес анықталады. Әдістемелік 
қызметтің қызметі білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеуге және енгізуге, 
мектептен тыс тәрбиеден білім алуға өтпелі кезеңнің қиындықтарын жеңуге, 
педагог қызметін жетілдіруге, оның кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған 
және келесі іс-шараларды қамтыйды: 

педагогикалық құралдармен тұлғаның мотивациялық саласын дамыту;

білім беру ұйымдарының бірлескен қызметінің жобаларын құру және 
тәрбие және білім беру қызмет;

оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, қызметті жоспарлау, есептілік, оқу 
топтары мен балалар ұжымдарының білім беру бағдарламаларын құру 
бойынша педагогтар үшін әдістемелік ұсынымдар беру;

білім берудің заманауи нысандарын, әдістері мен технологияларын ұғыну; 

білім берудің жаңартылған мазмұнының негіз қалаушы сәттерін ескере 


418 
отырып, педагогтар, балалар мен ата-аналар үшін әдістемелік ұсынымдар 
әзірлеу; 

түрлі жаппай педагогикалық іс-шаралардың (конкурстар, олимпиадалар, 
оқулар және т. б.) сценарийлерін құрастыру және оларды бағалау 
критерийлерін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет