106
Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың
дүниеге келгеніне 80 жыл
(1939 - 2014);
2020 жылғы 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба
қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор,
аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына
175 жыл (1845 -
1904).
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай
Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және
мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 30
мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы жарық көрді. Қаулыда 2020
жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына
арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу, Абай
Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым
және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық
түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру
жөнінде тапсырмалар берілген.
5 қазан – ақын, жауынгер, Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік
сыйлықтарының лауреаты, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», II дәрежелі «Отан
соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Жұбан
Молдағалиевтың туғанына 100 жыл (1920 - 1988).
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге
асады:
-
базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде,
мұражайларда;
-
таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен
олимпиадалар жүргізу;
-
оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
-
кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім
алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: