Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2.
Құрастыру, моделдеу және иық киім
өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін
тігіп дайындау.
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім
өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін
тігіп дайындау.
Қолөнер
кәсібі
әрбір
халықтың
мәдениетінің
материалдық
тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан білім алушылардың еңбек пен
технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оны тұлға ретінде еңбекқорлық,
азаматтық және патриоттық қасиеттерге тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің
еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология
сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде
оқыту мен қолдануға назар аудару ұсынылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
297
мақсатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштастырып жүзеге асыру
ұсынылады.
«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін
мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
11-
сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«
Дене шынықтыру» білім саласы бойынша «Дене шынықтыру»,
«Алғашқы әскери дайындық» пәндері оқытылады.
«
Дене шынықтыру» оқу пәні
«
Дене шынықтыру» оқу пәні ретінде жалпы білім беретін мектепте
маңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді
шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Оқыту мақсаты:
–
өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім
сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу;
–
физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
–
салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын
шығармашылықпен қолдану.
Оқыту міндеттері:
–
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
–
базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін
жетілдіру;
–
денсаулығын ұзақ мерзім сақтау және нығайту қажеттілігіне, өз
денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;
–
дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы
мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау;
–
тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде
ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім»
(ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік
компонент).
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан
алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық
технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің
тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін,
мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру
қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру
мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
298
Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке
талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын
құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімін бағалауына
болады. Дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде
оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып,
сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
–
мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс
дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның кез келген
бөлімін өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге)
құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында;
–
мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы
мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;
–
оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында
бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;
–
дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша
бағаланады: жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; Президент
сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері (мұғалімнің таңдауы
бойынша).
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық
мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру
ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл
сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен
(ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі
нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында
біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты
оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық
жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл
(қыз) баладан кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп
оқыту жүзеге асырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу
барлық қажетті медициналық құжаттардың ұсынуымен, медициналық
тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында
299
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу
мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың
сайтына (
www.nnpcfk.kz
) және академия сайтына орналастырылған ( nao.kz).
Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:
11-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |