Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет50/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

тұздығы шығады. 
7.4.
Сары майдан тұздықтар мен қоспалар
Бұл тұздықтар өте калориялы, бірақ құрамында майдың көптігі асқорыту 
темірлерінің қызметін әлсіретеді. Асқазан шырынының бөлінуін 
ынталандыру үшін бұл тұздықтарға лимон қышқылын немесе шырын 
қосады. 
Майлы қоспаларды бутербродтар мен ет және балық тағамдарын әрлеу 
үшін пайдаланады. 
Кептірілген нанды тұздық. Сары майды ылғалы жоғалып, ашық қоңыр 
түсті болғанша, қыздырады. Одан кейін майды сүзгілеп, оған үгітілген 
кептірілген бидай нанын, тұз, лимон шырынын немесе қышқылын қосады. 
Піскен қырыққабатқа, майлы емес піскен құс етіне қосып береді. 


62 
«Польшалық» тұздығы. Жібітілген сары майға майдалап туралған бітеу 
етіп піскен жұмыртқа, ақжелкен немесе аскөк көгін, тұз және лимон 
қышқылын қосады.
Арзандату мақсатында «Польшалық» тұздығын балықты негізгі ақ 
тұздықта әзірлейді: ақ тұздыққа сары май мен басқа да құрамды салады. 
Осындай технологиямен дайындалған тұздық табиғи тұздыққа қарағанда 
калориясы аз. 
Тұздықты пісірілген майлы емес балыққа қосып береді. 
«Голландтық» тұздығы. Оны да табиғи немесе ақ тұздықта даярлайды. 
Табиғи голландтық тұздықты әзірлеуде жұмыртқа сарысына салқын 
қайнаған су, сары майдың 
1
/
3
бөлігін қосып, 75-80°С температурада сулы 
жылытқышта қоюланғанша үздіксіз араластыра отырып, пісіреді. Артынша 
жақсылап араластырып және аздап шайқап, жұқа ағыспен қалған майды 
құяды. 
Бұл тұздықты тұз және лимон шырынымен дәмдейді. 
Тұздықты ақ тұздықта дайындауда сары май мен жұмыртқа сарысын 
толығымен біріктіргеннен кейін жұмыртқа-май қоспасын ақ тұздыққа құяды, 
араластырып, дәмдейді. Температураны қатаң бақылау керек. Егер ол 80°С-
тан асса, тұздық қатпарланып кетеді.
Тұздықты асылған көкөністер мен балықтардан дайындалған тағамдарға 
қосып береді. 
Егер лимон шырынының орнына тұздықты сірке суымен дәмдейтін болса, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет