Саңырауқұлақ икрасы. Дайындалған кептірілген саңырауқұлақтарды
дайын болғанша қайнатып, салқындатады. Салқын суда жуылған тұздалған
саңырауқұлақтармен біріктіріп, ұсақтайды. Майдалап туралған басты пиязды
өсімдік майында аздап шала қуырады. Саңырауқұлақтармен біріктіріп, 10-15
минут ішінде қуырады. Сірке суы және бұрышпен дәмдеп, салқындатады.
11.4. Балық және балық өнімдерінен әзірленген тағамдар 11.4.1. Балық гастрономиясынан жасалған басытқылар Дәнді немесе кеталы уылдырық. Икра порциясын икра ыдысының
табақшасына салып, лимон тілімімен безендіреді. Бөлек сары май мен нан
береді. Майдың орнынан майдалап туралған көк пияз беруге болады.
Түйірсіз уылдырық. Түйірсіз уылдырық порциясын турау тақтайында
езіп, балық немесе басқа да пішін береді. Майшабақ жаймасына ауыстырып
салып, лимонмен безендіреді. Бөлек дәнді уылдырыққа бергендей өнімдерді
береді.
Тұздалған балық (порциямен). Кета немесе ақсеркені, алабалық,
албыртты жұқа тілімдермен 1 порцияға 2-3 данадан кесіп, лимон тілімімен,
ақжелкен көгінің бұтақшаларымен әрлейді.
Салқын сүрлену балығы (порциямен). Бекіре немесе албырт
балықтардың арқа-жон еттерін жұқа тілімдермен 1 порцияға 2-3 данадан
кесіп, лимонмен безендіреді.
Пияз қосылған табиғи майшабақ. Майшабақтың таза сүбесін жұқа
бөліктермен кесіп, майшабақ жаймасына «шыршалап» салады. Үстіне жұқа
шеңбермен кесілген басты пиязды немесе майдалап туралған көк пиязды
себеді. Берер алдында салат дәмдеуішін құяды.
Гарнир қосылған майшабақ. Майшабақтың таза сүбесін жұқа
бөліктермен кесіп, майшабақ жаймасына «шыршалап» салады. Қырларына
кішкене төбешіктермен («байламдармен») гарнирді (майда текшелеп
105 туралған пісірілген картоп, сәбіз, қызылша, жұқалап майдалап туралған көк
пияз) салады. Бітеу етіп пісірілген жұмыртқа домалағымен әрлеуге болады.
Берер алдында майшабақ пен гарнирге салат дәмдеуіштерін құяды.