Лексема (грек. lexis «сөз») – өзара қатыстық байланыста болатын лексикалық
мағына мен грамматикалық форманың жиынтығынан тұратын лексикалық
жүйенің негізгі единицасы. Лексикология (гр.lexikos сөз туралы және logos ілім) – тіл білімінің сөздік
құрамды, тілдің лексикасын зерттейтін сала.
Лексикалық архаизмдер – қазіргі тілдік қолданыста сәйкес синонимдік
мағынасы бар көнерген сөз.
Лингвистикалық география –тілдік құбылыстардың таралған кеңістігін
зерттейтін тіл білімінің саласы. Лингвистикалық география арқылы тілдердің
тарихы мен шығу тегін ретроспектив тәсілмен зерттеуге мүмкіндік беретін
диалектологиялық, тілдік атластар жасалады.
Семантикалық архаизмдер –қазіргі тілдік қолданыста дыбыстық тұлғасын
сақтап қалған, бірақ ескі мағынада қолданылатын сөз.
Сөздік құрам (грек. lexikos «сөздік», лексика) – тілдегі сөздердің тұтас
жиынтығы. Лексика термині тілдік жүйедегі сөздердің қолданылу сипатына
қарай да қолданылады. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай
бірнеше топқа бөлінеді: әдеби лексика және диалектілік лексика;
жалпыхалықтық лексика дәне арнаулы лексика, бейтарап лексика және
эмоционалды-экспрессивті лексика; Сема - сөз мағынасының ең кіші единицасы немесе мазмұн өрісінің ең кіші
единицасы
Тіл мен ойлау – қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты, мәні және
арнайы белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлау – шындық болмысты
бейнелеудің жоғарғы формасы, ол заттар мен құбылыстардың арақатынасын,
байланыстарын жинақтап танып білуге бағытталған.
Тілдің шығуы – бұл мәселе антикалық тіл білімінде тілдің мәні туралы жалпы
философиялық тұрғыда қойылған. Грек ғылымындағы тағы бір бағыт тілдің
шығуын заңды биологиялық сипатын жақтаған, екінші бағыт – оның жасанды
сипатын жақтаған.