Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет113/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

Конспект ‒ белгілі бір мәселе жайлы қысқаша жазылған жазбаша мәтін. 
Конспект ‒ тақырыптың қысқаша мазмұны. Ол қысқаша формада 
жазылғанымен, онда тек негізгі ақпараттар ғана қамтылады. Өйткені конспект 
көлемі түпнұсқадан үш есе аз болуы керек деп саналады.
Конспект жазу ‒ белгілі бір ақпараттың ұзақ уақыт бойы жадта сақталуына 
негізделеді. Студенттер білім алу үшін оқиды, алған білімді санада ұзақ уақыт 
бойы сақтау үшін қабылданған тілдік білімді, ғылыми мазмұнды түсінулері, 
меңгерулері қажет, конспект сол тұрғыдан студенттерге көмектеседі. Сондай-
ақ, конспект жазу ‒ аралық бақылау немесе емтихан тапсырудың дайындық 
формасы. Жазылған конспект бойынша сабақта өтілген материалдарды 
қайталау жеңілдейді. Өйткені конспект мазмұны термин сөздер, тірек сөздер, 
негізгі принциптер мен ережелерді, тілдік нормаларды қамтиды. Студент 
конспект бойынша емтиханға, аралық бақылауға дайындалу үстінде оның 
жадындағы ақпараттар актуалдана түседі. 
Конспект жазу негізінде емтихан материалдарына дайындалу біршама 
жеңілдей түседі. Егер студент конспектіні өзі жазып, берілген ақпараттармен 
танысқан болса, лингвистикалық және ғылыми әдебиеттердегі негізгі 
ақпаратты көмекші материалдардан ажыратып қарай алады.
 
Конспект түрлері: 
‒ Жоспарлы конспект ‒ белгілі бір ғылыми мәселені қарастыруда негізгі 
мәселелері қамтылған жоспар негізінде жазылады.
‒ Мәтіндік конспект ‒ мұндай конспект түрі дереккөздерден алынатын ғылыми 
үзінділер мен пікірлерге сүйенеді. 


161 
‒ Тақырыптық конспект ‒ белгілі бір ғылыми мәселелердің басын ашуда 
бірнеше дереккөздерге сүйенеді. Мұндай конспект түрін жүргізу қиын 
жұмыстардың бірінен саналады.
‒ Еркін конспект ‒ мұндай конспект түрі жоғарыда берілген түрлі 
конспектілердің өзара үйлесімділігіне құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет