162
- реферат мазмұны толығымен баяндалатын дерекккөздің
мазмұнына тікелей
байланысты;
- негізгі ақпарат ықшамдалмай және субьективті бағасыз нақты мазмұндаудан
тұрады;
- тұрақты құрылымға ие.
Жұмыстың ғылыми және практикалық мазмұнына сәйкес
пікір (рецензия)
беріледі.
Пікір мынадай факторларды негізге ала отырып бағаланады:
Қарастырылған тақырып жөнінде автордың эрудициясы, жұмыс авторының
зерттеліп жатқан мәселенің
өзектілігімен таныстығы, дереккөздермен толық
таныстығы, қалыптасқан ғылыми фактілер мен зерттеу нәтижелерін зерттеу
жұмысында қолдану дәрежесі.
Автордың ұсынылған білім бағдаламаларынан
өзге қосымша ақпараттарды
қолдануымен таныстығы, берілген тақырыптыңы жаңашылдығы,
берілген
ғылыми тақырыпты меңгеру деңгейі.
Автор сауаттылығы, берілген материалдардың өзара логикалық жүйелілікке
құрылуы, стандартты талаптарға сай келуі, жұмыстың безендірілуі.
Ескерту: плагиат мәселесі.
Реферат көбінесе студенттердің алған білімдерін қаншалықты дәрежеде
меңгергендігінің, қорытындылаудың формасы есебінде алынады.
Қазіргі
уақытты интернет-ресуртардың дамуы түрлі ғылым салалары бойынша дайын
рефераттың таралуына жол ашып отыр. Кейбір ресурстар дайын рефератты
сатып алуға немесе тегін жүктеп алуды ұсынуда. Бұл білім сапасының
төмендеуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: