30
комбинаторлық, не позициялық тұрғыдан өзгеріске түсетіндігін нақты тілдік
фактілер негізінде дәйектейді.
Фонология – фонеманың қоғамдық, яғни әлеуметтік қызметі туралы ілім.
Фонема – дыбыстық тілдің ең қысқа единицасы. Жалпы тіл білімінде фонема
теориясының негізін қалаған – Бодуэн де Куртенэ.Бодуэне де Куртенэ, Л.В.
Щерба, Е.Д.Поливанов тілде сөйлеу дыбысынан өзгеше құбылыстың
болатынын айқындайды, Бодуэн де Куртенэ сөз жасаушы мағыналы дыбысты
фонема деп атайды.Фонеманың сөз бен морфеманы тануда атқаратын
перцептивтік жне сигнификативтік қызметтері бар.
Тіл білімінде қалыптасқан жаңа тілдік зерттеулер негізінде қазақ тілінің
фонетикалық жүйесі
сингармониялық бағыт тұрғысынан қарастырыла
бастады. Сингармониялық бағытты қолға алып, оның ұғымдары мен
терминологиялық базасын жасаған фонетист-ғалым Ә.Жүнісбеков болатын.
Сингармонизм теориясы бойынша Ә.Жүнісбеков фонема мен екпін мәселесін
негізге алмайды. Сингармонизмнің ең кіші функционалды бірлігі
сингема деп
танылады және ол төрт түрлі сингармониялық тембрмен сипатталады:
езу
жуан, езу жіңішке, ерін жуан, ерін жіңішке (1,56). Демек, үндесім
фонологиясы негізінде қазақ тіліндегі барлық дыбыстардың
жасалым,
айтылым және
естілім белгілері негізге алынады. Осыған сәйкес, қазақ
фонологиясы үндесім фонологиясы болып табылады. Фонологиялық талдау да
үндесім заңына қарай талданады. Ә.Жүнісбековтың пікірінше, әуен немесе тон
әлем тілдерін жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, мұндай белгіні тек
қытай, жапон, корей, вьетнам тілдерінің құрылымдық жүйесінен қарастыру
керек. Сол сияқты үндестік заңы да дүние жүзі тілдерін жіктеудің айырым
белгісі бола алады, мұндай үндесімді түркі тілдері, оның ішінде, қазақ тілінің
құрылымын негізге алу керек. Сингармонизм теориясы бойынша, фонеманың
қызметін
сингема деген просодикалық бірлік орындайтындығын айта келе,
оның себебін Ә.Жүнісбековтүркі тілдері, оның ішінде, қазақ тілінде
үндіеуропа тілдеріне тән фонема мәселесі жоқ деп көрсетеді. Сол себепті қазақ
сөзінің мағынасын түрлендіретін ең кіші дыбыстық бірлігін
үндесім фонема
немесе
сингармофонема, осы үндесім фонеманың варианттарын
үндесім
аллофон немесе
аллосингармофонема деп атайды (2, 35). Мәселен, қазақ
тілінде ш, з (әліпби атауы – шы, зы) дауыссыз дыбыстары
шырақ, зымыран
сөздерінің құрамында ғана әліпбилік оқылуын сақтайды, осы
шы, зы айтылым
үлгілері
шар, шүріппе, шұңқыр, зор, зу (етті) сөздерінің құрамында
кездеспейді. Мұны осы дыбыстардың жасалым және естілім белгілерін
эксперимент жүргізу арқылы анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: