39
Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымның
арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік,
ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер
бір зат жайында ұғымымыз
болмаса, оның мағынасын біле алмаймыз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек,
ұғымның болуы – сөз мағынасының маңызды шарты болып табылады. Сөз
мағынасы ұғымдық мазмұнға қоса, айтушының көзқарасын, көңіл-күйін,
сезімін, сөздің грамматикалық сипатын білдіре алады. Бұған қарап, сөз
мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. Сөз мағынасы ойды ғана
білдірмейді, сезім мен әртүрлі көңіл-күйді білдіру үшін де жұмсалады.
Мағынаның
лексикалық және грамматикалық болып бөлінетіндігі
белгілі. В.В.Виноградовтың анықтамасы бойынша,
сөздің лексикалық
мағынасы – тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне
тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-
материалдық мазмұны. Демек, сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс-
әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымның мазмұнын қамтиды.
Б.Сағындықұлы: «Сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа, байланысқа түспей,
жеке-дара тұрғанда тікелей түсінілетін халық
таныған логикалық-заттық
ұғымы, лексика-семантикалық түсінігі
лексикалық мағына деп аталады», ̶ деп
жазады (1, 9).
Сөздің лексикалық мағынасын түсіну үшін, сөздің заттық-логикалық
мәнін, лексикалық мағынаны соған ұқсас басқа лексикалық мағыналардан
ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет. Мысалы, сиыр сөзі айыр
тұяқты мал; төрт түлік малдың бірі;ірі қара мал; күйіс қайыратын мал сындық
ұғымдық белгілер оның басқа мал түрлерінен ерекшелігін білдіреді.
Сөздің
грамматикалық мағынасы деп
грамматикалық амал-тәсілдер
арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік
құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағынаны айтамыз. Грамматикалық
мағына сөздің лексикалық мағынасының негізінде туады,
бұл екеуінің
арасында тығыз байланыс бар.Грамматикалық мағына сөздің лексикалық
мағынасының негізінде туады, бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар.
Тілдегі сөздер болмыстағы зат, құбылыс, сын-сапа және іс-әрекет атаулыны
белгілейді. Осындай белгілеріне қарай тілдегі сөздер үшке бөлінеді:
атауыш
сөздер, көмекші сөздер және
аралық сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: