48
Лексикалық антонимдер, түрлері мен жасалу жолдары, олардың көркем
шығарма тіліндегі қызметі. Контекстуалды антонимдер.
1.6 Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен құрамы
Жоспар:
1 Сөзжасам ‒ тіл білімінің жеке саласы.
2 Сөзжасамның тілдің өзге салаларымен байланысы.
3 Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен сөзжасам тәсілдері.
4 Туынды сөздер және олардың өзіне тән тілдік белгілері.
5 Сөзжасамдық бірліктер: сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық
тізбек, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық саты.
1 Сөзжасам ‒ тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам ‒ жаңа атау жасау
қызметін жүзеге асырады. Жаңа номинативті бірліктердің жасалу түрлері мен
тәсілдері, сөзжасам бірліктері мен сөзжасам үдерісіне қатысты мәселелерді
зерттеумен айналысатын тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіл білімінде
сөзжасамның жеке ғылым саламы ретінде қалыптасуы Н.Оралбаеваның
еңбектерімен тікелей байланысты. Сөзжасамның зерттеу нысаны ‒ мағынасы
мен дыбысталуы жағынан түбірлес лексемалармен байланысты сөздер.
Сөзжасамның лингвистикалық негізі ретінде түбір мен жұрнақ және олардың
арасындағы байланыс алынады. Қандай да бір сөздің жұрнақ қабылдау, яғни
сөзжасамдық формант таңдау қабілеті сөздің лексикалық мағынасына тікелей
байланысты. Сөзжасамдық формант немесе сөзжасамдық жұрнақ ‒ тұрпаты
мен мағынасы жағынан ең кіші сөзжасамдық құрал.
Түркі тілдерінің сөзжасам жүйесі өзара ұқсас болып келеді. Тілдік
жүйедегі фоно-морфо-семантикалық ортақтықтар сияқты сөзжасамдық
ортақтықтар да тілдің о баста бір негізден тарағандығының негізін құрайды.
Мәселен, Қаракемер гидронимдік атауындағы
кемер сөзі тува тілінде кем
түрінде дыбысталып «өзен» мағынасын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: