51
Аналитикалық тәсіл‒тіліміздің сөздік қорын күрделі сөздермен
толықтырған өнімді тәсілдің бірі. Аналитикалық тәсіл ‒екі немесе одан да көп
сөздердің бір-бірімен тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады.
Соған
орай қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі қалыптасқан: сөзқосым;
қосарлау, тіркестіру; қысқарту (2,205). Сөзқосым тәсілі арқылы жасалған
сөздер біріккен (кіріккен) сөздер деп аталады. Біріктіру тәсілі арқылы жасалған
күрделі сөздер құрамындағы әрбір сөз тұлғалық өзгеріске ұшырамайды:
құрбақа, әскербасы, аққу, көзәйнек,
асбұршақ, егеуқұйрық, сужылан т.б.
Мұндағы тілдік бірліктер құрамындағы сөздер дербес тұрғандағы тұлғасын
сақтағанмен, лексикалық мағыналары өзара біріге келіп бір бүтін лексикалық
мағынаны иеленген.
Ал кіріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздер құрамындағы тілдік бірліктер
дыбыстық өзгеріске ұшырап, бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді: ағайын
(аға + іні), білезік (білек + жүзік), қолғап (қол + қап), түрегел (тұра + кел), апар
(алып + бар) т.б.
Қосарлану тәсілі ‒екі сөздің бір-бірімен қосарлана келіп, біртұтас
мағыналы сөз жасайтын тәсілі. Мұндай сөздер қазіргі қазақ тілі жүйесінде қос
сөздер деп аталады. Қос сөз жасау үшін оның
құрамындағы сөздер бір сөз
табынан болуы керек. Оның құрамындағы сөздер не қосарланып келуі арқылы
жасалады: бау-бақша, жора-жолдас, үлгі-өнеге, сауыт-сайман, сән-салтанат,
тау-тас; не қайталануы арқылы жасалады: мая-мая,
ауызба-ауыз, көре-көре т.б.
Тіркесті күрделі сөздер екі не одан да көп мағыналы сыңарлардан
жасалып, біртұтас лексикалық мағынаны білдіреді. Тіркесті күрделі сөздер
құрамындағы сөздердің құрамы тұрақты, сыңарларының орнын ауыстыруға
болмайды. Мәселен, ауыз әдебиеті, жалаң аяқ, қызыл күрең, ала жаздай, ортан
жілік, күлгін көк т.б.
Сөзді
қысқартып, ықшамдап, айтуға жеңілдетіп қолдану тілде көне
заманнан бар. Сөзжасамның жаңа мағына тудыру қасиеті қысқарған сөздерде
жоқ. Дегенмен, қысқарған сөздер сөзжасамға жатады. Өйткені қысқарған
сөздер күрделі атаудың бір нұсқасы ретінде дербес сөздің қызметін атқарады.
Қысқарған сөздерде сөзге
қойылатын барлық талаптарға, яғни дербес
лексикалық мағынаны иеленеді, дербес сөз ретінде сөйлем ішінде жеке
сұраққа жауап беріп, жеке сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Сол себепті
де қысқарған сөздер жеке сөз ретінде қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: