54
барлық сатыларында бола беретін тілдік құбылыс болғанымен, олардағы
сөзжасамдық тарамның сапасы бірдей емес (2, 275-276).
Сөзжасам саласындағы негізгі теориялық мәселелерді біріздендірген
ғалым Н.Оралбаева «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінде сөзжасамның
синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық тәсілдерін атап өтіп,
әрқайсысын тілдік фактілер негізінде ашып көрсетеді. Б.Сағындықұлы өзінің
«Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» атты еңбегінде
конверсия тәсілін семантикалық-функционалдық трансформация деп танып,
ақ, ат сөздерінің семантикалық даму жолдарын семдік анализ негізінде талдап
береді (4). Б.Сағындықұлы конверсиялық тәсілді көне және жаңа түбірлердің
генетикалық байланысы деп түсіндіруі тіл біліміндегі әлі де сыры ашыла
қоймаған тілдік құбылыстардың бар екендігін ашып көрсетті. Сөзжасам
саласында конверсия транспозиясының бір түрін құрайды. Конверсия ‒сөз
тудырушы жұрнақтың көмегінсіз түбір я негіз сөздің басқа парадигмаға
айналуы. Сөзжасамдық конверсия бойынша бір сөз табындағы сөз ешқандай
тұлғалық өзгеріске ұшырамай, екінші бір сөз табына ауысады. Мысалы: тоң
(мұз, май) ‒тоң (ол тоңды), сұқ (саусақ) ‒ (қолын сұқты). Сөзжасам саласында
түркі сөздерін семантикалық тұрғыдан жан-жақты қарастырған ғалым
А.Салқынбай туынды сөз мәселесінің аталымдық қызметін «Тарихи сөзжасам
(семантикалық аспект)», «Қазақ тілі сөзжасамы» еңбектерінде кеңінен сөз
етеді.
Қазіргі тілімізде
өзтұлғалы өздік есімдігінің көрінісі мынадай: Өз. Іс-
әрекетті, затты, нәрсені меншіктеуші, иеленуші жақ (ҚӘТС,). Көне түркі
тілінде бұл сөз
мән, өзек, өзі, өмір деген мағыналарды иеленген екен.
Достарыңызбен бөлісу: