58
қатыстық грамматикалық мағына. Лексикалық мағынаның жалпылануы
арқылы алынатын
грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына
деп атаймыз (3,419). Жалпы грамматикалық мағына грамматикалық формасыз
алынады. Жалпы грамматикалық мағына сөз таптарының семантикалық
сипаты болып табылады. Себебі сөздерді сөз тобына топтастырғанда сөздердің
ішкі семантикалық жақтан жақындығы, ортақтығы негіз болады.
Сөздерді
топтастырудың семантикалық принципі жалпы грамматикалық мағынаға
негізделеді.
Категориалды грамматикалық мағына сөзге түрлі грамматикалық
формалардың жалғануы арқылы алынады. Осы грамматикалық формалардың
жалғануы арқылы белгілі бір сөз топтарының түрлену жүйесін
айқындауға
болады. Мәселен, зат есімді сөздер тобына тәуелдеу, көптеу, септеу жүйесі тән
болса, етістіктерге жіктелу жүйесі тән. Осылайша, категориялды
грамматикалық мағына белгілі грамматикалық сөздер тобының түрлену
жүйесін, парадигмалық сипатын, грамматикалық және лексика-грамматикалық
жүйесін айқындап береді.
Сөздің сөйлеу үдерісінде өзге сөздермен тіркесуі, байланысқа түсуі (негіз
сөз бен көмекші сөз,
орын тәртібі, интонация т.б.) негізінде
қатысты
грамматикалық мағына туындайды. Қатысты грамматикалық мағына арқылы
сөздің сөйлемде атқаратын қызметіне байланысты сөздерді топтастырудың
синтаксистік принципін құрайды. Сонымен, тілдегі сөздерді сөз табына
топтастырғанда жоғарыда
аталған жалпы грамматикалық, категориялды
грамматикалық және қатысты грамматикалық мағыналар негіз болады.
Түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөз формаларын
грамматикалық формалар деп атаймыз. Сөз формаларының екі түрі бар:
синтетикалық және аналитикалық формалар. Енді осы формаларға жеке-
жеке тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: